«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Тұйық шеңбердегі жүгіріс

2015 жылғы 16 Қыркүйек
- Шымкент қаласы
8917 просмотров

ОҚО Кәсіпкерлер палатасы бизнесменнің Шымкент қаласы Жер қатынастары бөлімінің қызметкерлері ұйымдастырған бюрократиялық шырмаудан шығуына көмектесті.

«Сезам» дәмханасының иесі Динара Әбдраманова үш жыл бойы қала әкімдігінің дәмханаға жапсарлас жатқан жер телімін жалға беру туралы қаулысына қол жеткізе алмай қойды. Ал жер комиссиясының қорытындысын 2010 жылы алған еді.

Кәсіпкерді доп сияқты, бір есіктен, екіншісіне жұмсай берді. Ақырында ол жер қатынастары бөлімінде жатқан құжаттарының жоғалып кеткенін біледі. Кәсіпкер құжаттарын қайта қалпына келтіру үшін, қайтадан жүгіруге мәжбүр болады. Қалпына келтірілген (өз есебінен) жердің мемлекеттік актілерін ол жер қатынастары қызметкеріне береді. Тағы екі жыл өтіп кетеді, бірақ құқық орнатушы құжаттар ақыры қолына тимейді. Прокуратураға жүгінуден де ештеңе өнбейді.

Динара Әбдраманова соңғы инстанция ретінде ОҚО Кәсіпкерлер палатасына жүгінеді.

Палата сарапшылары Шымкент қаласының Жер қатынастары бөліміне қала әкімі қаулысының жобасы мен шарттар жобасын даярлауды сұрап жүгінді. Кәсіпкер жақында көптен күткен қаулысына қол жеткізді. Палатаға алғыс хат жолдап, көрсетілген көмек үшін ризашылығын білдірді.

«ОҚО Кәсіпкерлер палатасы құқықтық бөлімінің бастығы Қайрат Әкеновтың жедел араласуынан және олардың жергілікті билік органарымен кәсіби түрде жүргізген жұмысынан кейін әділдік қалпына келтірілді», - деп жазыпты кәсіпкер. – «Осындай белсенді қорғаушылардың арқасында бизнеске шынайы көмек көрсетілетіні көңіл қуантады. Кәсіпкерлер палатасы сияқты құрылымның босқа құрылмағанына көз жеткіздім».


Еншілес ұйымдар

Серіктестер