«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

«Алтын сапа»: жеңіске жету мүмкіндігін қалай арттыруға болады?

24 Мамыр 2019 - Шымкент қаласы
321 просмотров

Шымкенттік кәсіпкерлерге байқауға өтінімді қалай дұрыс рәсімдеу керек, қандай критерийлер бойынша жеңімпаздарды анықтайды және жеңіске қалай жетудің жолдары айтылды

 Шымкент қаласындағы 15 кәсіпорын «Қазақстанның үздік тауары» және «Алтын сапа» байқауларының әлеуетті қатысушыларына арналған оқу семинарына қатысты.

 «Атамекен» ҚР ҰКП республикалық байқауларды ұйымдастыру бойынша басқарушы директоры Салтанат Әбдікәрімованың айтуынша, жеңіске жету үшін ең бастысы – құжаттарда компания қызметін барынша кеңірек ашу. Сәттіліктің 90%-ы дұрыс толтырылған өтінімге байланысты. Өйткені комиссия алдымен құжаттар топтамасын бағалайды. Сарапшылық топ сапа менежменті сертификатталған жүйелерінің барына, қазақстандық қамту үлесіне, сонымен қатар мемлекеттік және бақылаушы органдар тарапынан шағымдар мен ескертпелердің болмауына назар аударады.

 «Байқаулардың басты мақсаты – отандық тауар өндірушілерді қолдау, жергілікті өндірушіні тауар сапасы және қызметті жоғарылатуға, ынталандыру, отандық тауар өндірушілер брендттерін ілгерілету. Қатысуға өтінімді онлайн беруге болады. Осындай режимде дауыс беру науқаны да жүргізіледі, осылайша байқау ашық өтед», – деп атап өтті Салтанат Әбдікәрімова.

 Байқаулардың бірі бірінен айырмашылығы қандай? «Қазақстанның үздік тауары» байқауында компания басқа қатысушының тауарларымен бәсекеге түсе алатын тауарды ұсынады. «Алтын сапа» байқауында – идея басқа және талаптар да жоғары. Бұл компанияның бизнес-процестері және менеджмент жүйелерінің жарысы. Екі байқауға да өндірісі Қазақстанда орналасқан компаниялар қатыса алады.

 Байқау жеңімпаздары 450 АЕК көлемінде қаржылай сыйақы алады, бұл 1 миллионнан астам теңге. Ұтып алынған қаражатқа кәсіпкерлер сапа бойынша халықаралық байқауларға, соның ішінде өнімдері мен қызмет көрсетудегі сапа саласындағы жетістіктері үшін ТМД өндірушілері арасындағы сыйлықты беру байқауына кеткен шығындарды жаба алады,.

«Сапа саласындағы байқаулар жеңімпаздарға көшбасшы имиджін, бәсекеге қабілетті жоғары сапалы өнім мен қызметтің сенімді өндірушінің беделін қамтамасыз етіп, жаңа серіктестер мен тапсырыс берушілерді тарту, нарық үлесін сақтау мен арттыруға жол ашып, табыстың өсуіне әкеп, жаңа іскерлік мүмкіндіктерді ашады. Демек, кәсіпорыныңыздың үздік, ал шығарылатын өнім сапалы әрі қауіпсіз екенін қоғамға жария салудың мүмкіндігін жіберіп алмаңыздар!», – деді Салтанат Әбдікәрімова.

 

 Айта кетелік, 2018 жылы өңірлік деңгейде өз аталымдарында «Mega Smart» ЖШС, «ЭкоФарм Интернейшнл» ЖШС, «Dala Construction» ЖШС, «Azala textile» ЖШС, «Байтемірова» ЖК, «Grand Mix» ЖШС, «Barys 2007» ЖШС,  «Madlen» ЖШС, «Arsenаl Sad» ЖШС компаниялары үздік болып танылған.

Республикалық байқауда «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар» аталымында «Зерде – Керамика» ЖШС үздік болып табылды.  

 «Алтын сапа» байқауында – халыққа тауар шығаратын үздік кәсіпорын болып «Бал Текстиль» кілем фабрикасы таңдалды.

 «ЭкоФарм Интернейшнл» ЖШС (қанды алу, сақтау және тасымалдауға арналған вакуумды зарарсыздандырылған бірреттік түтіктердің өндірісі) былтыр «Атамекен» ҚР ҰКП-ның кәсіпкерлік қызмет саласындағы «Іскер» арнайы сыйлығының иегері атанды

 Шымкент кәсіпорындары жетекшілерінің айтуынша, байқауларға қатысу оларға ары қарай дамуға ынталандыру беріп қана қоймай, сонымен қатар инвесторларды тартуға мүмкіндік береді.

 Іс-шара соңында қатысушыларға сертификаттар берілді.

Пікір қалдыру:

Пікірлер:

Серіктестер