«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Әкімшілік кедергілер

Оңтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлер палатасы жұмысының басым бағыттарының бірі – кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты әкімшілік кедергілерді азайту. Бұл бағытпен Әкімшілік кедергілерді азайту Департаменті жұмыс жасайды.

Осы мақсатта Кәсіпкерлер палатасы Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті, прокуратура және өзге де мүдделі органдармен бірігіп, бизнестің дамуын тежейтін әкімшілік кедергілерді, жүйелі проблемаларды анықтау және жою бағытында бірлескен шараларды жүзеге асырады.

Әкімшілік кедергілерді жою келесідей жүзеге асады: 

  1. Қатынас топтары арқылы кедергілерді анықтап, шешу;
  2. Мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру үшін іс-шаралар ұйымдастыру (қызметтер мониторингі);
  3. Қоғамдық мониторинг

Жыл басынан бері ОҚО Кәсіпкерлер палатасы аудандық прокуратурамен және аудандық Кәсіпкерлер палатасының филиалдарымен бірлесіп, аудандардағы архитектура саласында және қала салу жұмыстарында, жер қатынастары және ауылшаруашылығында мемлекеттік сатып қызметтердің дұрыс орындалуын қадағалауда. Сонымен қатар, Палатамен кәсіпкерлерге көрсететін мемлекеттік қызметтердің орындалуын тексеру кезінде архитектура және қала салу жұмыстарында, жер қатынастары саласында 9 жүйелік әкімшілік кедергі бойынша 2 903 факт тіркелді. Оның 1 155-і жойылды. 

Еншілес ұйымдар

Серіктестер