«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

«Таза парақтан» реттеу жобасы туралы

Жоба туралы

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет саласында жаңа реттеушілік саясатты енгізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасы («таза парақтан» реттеу) бизнеске жүктемені түбегейлі төмендету, іскерлік белсенділікті дамытуға қуатты серпін беру, кәсіпкерлік қызметті жандандыру үшін барынша қолайлы және ынталандыратын жағдайлар қалыптастыру, жаңа экономикалық шынайылық жағдайларында жеке капиталды тартуға мүмкіндік береді (ҚР Парламентінің қарауында жатыр).

Жобаға кім қатысады?
Мемлекет  және бизнес

Мемлекет пен бизнеске қандай тиімділігі бар?

Мемлекет, бизнес және халық мүддесінің теңгерімін қамтамасыз ету, әкімшілік рәсімдерді цифрландыруды дамыту, сыбайлас жемқорлықтың деңгейін азайту, мемлекеттік реттеудегі тәуекелге бағдарланған тәсілге көшу, «жазаламай, бұзушылықтардың алдын алу» саясатын қолдану, мемлекет пен бизнес арасындағы «кері байланысты» жақсарту, бизнестің жауапкершілігін арттыру.

Жоба үшін қажет?

Оңтайлы және тиімді реттеу жүйесін қалыптастыру үшін кәсіпкерлік қызметті реттеудің жаңа тәсілдері қалыптастырылды, олар мына шараларды көздейді:
 
•    мемлекет пен кәсіпкерліктің өзара іс-қимылының базалық қағидаттарын жетілдіру;
•    талаптарды белгілеу шарттары;
•    «1 in 2 out» қағидасы;
•    міндетті талаптар тізілімі;
•    бизнес есептілігін цифрландыру, бақылаудағы тәуекел-талдау;
•    мемлекеттік бақылауды жетілдіру. 

Жоба қалай жұмыс істейді?

«Таза парақтан» реттеу жөніндегі заң жобасы бизнеске қатысты неғұрлым тиімді мемлекеттік басқару үшін құқықтық негізді, оның ішінде бизнеске әкімшілік қысымды төмендету және мемлекеттік реттеуді жетілдіруге, оның ішінде бизнеске қатысты міндетті талаптарды белгілеу үшін базалық шарттарды белгілейді:

  • бизнеске қойылатын міндетті талаптарды тексеру;
  • міндетті талаптар тізілімін қалыптастыру;
  • әкімшілік рәсімдерді цифрландыру, мемлекеттік бақылауды цифрландыру үшін дерекқорларды интеграциялау.

Серіктестер