«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

«Атамекен» ҰКП бизнес үшін қорғау шараларын келісті

2026 жылғы 16 Қаңтар
1215 просмотров

Бейінді ведомстволар кәсіпкерлердің ҰТК бойынша өтпелі кезеңіне қатысты ең өзекті сауалдарына жауап берді

Соңғы айларда Ұлттық палатаға Ұлттық тауарлар каталогының енгізілуіне байланысты бизнес өкілдерінен жүздеген өтініш түсті. Кәсіпкерлер электрондық шот-фактуралардың бұғатталу ықтималдығына, NTIN кодтарын таңдаудағы қиындықтарға және есепке алу жүйелерінің техникалық дайындығына алаңдаушылық білдірді. Қоғамдық тамақтану, бөлшек сауда, өнеркәсіп саласының өкілдері салалық ерекшеліктерге және салықтық әкімшілендіру бойынша жекелеген мәселелерді көтерді.

«Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Нұрсұлтан Шоқановтың жазбасы бұл мәселенің ауқымын одан әрі ауқымдай түсті. Оған қалдырған пікірлерінде кәсіпкерлер ондаған сұрақ қалдырған.

Осыған байланысты Палата түскен өтініштерді, әлеуметтік желілердегі және кәсіби қоғамдастықтардағы пікірлерді талдай отырып, Сауда және интеграция министрлігіне және Қаржы министрлігіне өзекті сауалдар топтамасын жолдады. Кеңесулер нәтижесінде Палата бейінді мемлекеттік органдардан ресми түсіндірмелер мен кепілдіктер алды.

ҰТК-ны тәжірибелік енгізу кезеңінде «тыныштық кезеңін» растау басты нәтижелердің бірі болды. Электрондық шот-фактураларда ҰТК (NTIN) кодын көрсету міндетті болғанына қарамастан, бұл кезеңде кодтың болмағаны үшін санкциялар қолданылмайтын болды. Сондай-ақ, ЭШФ жазуға шектеулер болмайды, бұл ретте мұндай құжаттар бойынша қосылған құн салығын есепке алу толық көлемде жүргізіледі. Бұл уағдаластықтар бизнеске қаржылық шығын қаупінсіз процестерді ретке келтіру үшін қажетті бейімделу кезеңін қамтамасыз етеді.

Өтінітердің бөлек топтамасы өнеркәсіп секторы мен құрамдас бөлшектер импортына қатысты болды. Уәкілетті органдармен диалог барысында өндірістік процестердің басымдығы қағидаты бекітілді. Егер шикізат, құрамдас бөлшектер мен компоненттер тек кәсіпорынның ішкі қажеттіліктері үшін (мысалы, жабдықтарды құрастыру немесе жөндеу үшін) пайдаланылатын болса және жеке тауар ретінде бөлшек саудада сатылмаса, NTIN коды талап етілмейтіні түсіндірілді. Бұл шешім артық әкімшілік реттеудің аулақ болуға әрі өндірістік кәсіпорындардың тұрақты жұмысын істеуіне мүмкіндік береді.

Бөлшек сауда өкілдерін каталогтағы қайталанатын тауар карточкалары алаңдатты. «Атамекен» ҰКП бастамасымен бұл мәселе жүйенің техникалық операторлары деңгейіне шығарылды. Нәтижесінде деректер қорын ауқымды оңтайландыру басталып, оның аясында жүздеген қайталанатын жазбалар жойылды. Өтпелі кезеңде кәсіпкерлерге NTIN кодының ең кіші сандық мәні бар түрін таңдау ұсынылды, ол, әдетте, ең алғашқы және дұрыс толтырылған карточкаларға сәйкес келеді.

Сондай-ақ, бизнестің жекелеген санаттары бойынша түсіндірмелер берілді. Атап айтқанда, фабрикалық штрихкодтары жоқ қолөнершілер мен hand-made тауарларын өндірушілері үшін негізгі идентификатор ретінде шебердің есімі танылады. Бұл әртүрлі авторлардың ұқсас бұйымдарын ажыратуға мүмкіндік береді. Сыйлық жиынтықтарын сату жағдайында, егер олар біртұтас тауар ретінде сатылса — бір код, ал жинақ құрамындағы заттар бөлек-бөлек сатылуы мүмкін болса — әр позицияға жеке код алу қажеттігі түсіндірілді.

Қоғамдық тамақтану саласына келсек, мұнда тағам құрамы жиі өзгеретіндіктен, мемлекеттік органдармен бірлесіп бөлек әдістеме әзірленуде. Ол талқылау аяқталғаннан кейін бизнеске таныстырылады.

Кәсіпкерлерден есепке алу жүйелері мен кассалық жабдықтардың техникалық дайындығы туралы сұрақтар түсті. Бейінді ведомстволар мемлекеттік органдар жеке бағдарламалық қамтамасыз ету нарығын реттемейтінін, алайда 2.0.3 нұсқалы хаттамасы бар барлық бақылау-кассалық машиналар ҰТК-мен техникалық тұрғыдан үйлесімді екенін түсіндірді. Ақаулар туындаған жағдайда, олар каталог базасының жұмысына емес, нақты есепке алу жүйелерінің баптауларына қатысты мәселе.

Уәкілетті органдар жобаға қатысушылар арасындағы жауапкершіліктің бөлінісін атап өтті: бизнес тауарлар туралы деректердің толтырылуы мен дұрыстығына жауап береді, жүйе операторлары ақпаратты тексереді әрі модерациялайды, ал мемлекеттік базаның техникалық тұрақтылығын Электрондық қаржы орталығы қамтамасыз етеді. Ұлттық тауарлар каталогын қолданудың бірыңғай әдістемесі барлық пысықтаулар аяқталғаннан кейін жарияланады.

ҰТК-ны енгізудің қазіргі кезеңі өтпелі сипатқа ие және бизнес пен мемлекет арасындағы сындарлы диалог кезеңі болуға тиіс. «Тыныштық кезеңі» кәсіпкерлерге жүйені асықпай меңгеруге және айыппұл санкцияларының қаупінсіз қателерді түзетуге мүмкіндік ретінде қарастырылады. Ұлттық кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлік қоғамдастықтың мүддесін ескеру және цифрлық жүйенің тиімділігін арттыру үшін бизнес өтініштерін жинауды жалғастырып, оларды мемлекеттік органдарға әрі қарай да жеткізе бермек.

«Атамекен» ҰКП туындаған қиындықтар Ұлттық тауарлар каталогының жұмысына емес, ақпараттық және есептік жүйелерінің баптауларына байланысты екенін атап өтті. Палата бұл мәселені жауапты тараптармен бірлесіп пысықтауды жалғастырады. Осыған байланысты кәсіпкерлерден өтініштер жинау жалғасуда. Сұрақтарды d.autalipov@atameken.kz электрондық поштасына жолдауға болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер

405174