Кәсіпкерлердің құқығын қорғау кеңесінің кезекті отырысы өтті
Шымкент қаласының кәсіпкерлер палатасында Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесінің кезекті отырысы өтті.
Жиынға Кеңес төрағасы Қайрат Акенов, Палата қызметкерлері, кәсіпкерлер мен мемлекеттік орган өкілдері қатысты.
Жиында «Шымкент қаласы әкімдігінің «Ақылы көлік тұрақтарын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» қаулы жобасы, сонымен қоса Қазақстан кәсіпкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл хартиясы туралы талқыланды.
Қаулы жобасы бойынша Кәсіпкерлер палатасының бөлім басшысы Әзілхан Жаримбетов баяндама жасады.
.jpg)
«Кәсіпкерлер палатасына қарауға «Ақылы көлік тұрақтарын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Шымкент қаласы әкімі қаулысының жобасы келіп түсті. Палата әзірленіп жатқан жобаны талдап, тәртіпке сәйкес жобаны кәсіпкерлерге тараттық, таныстырдық. Бизнес-қоғамдастықтан көптеген сұрақ түсіп жатыр. Сол сұрақтарды талқылау үшін жиналып отырмыз.
Атап айтқанда, Қағидалар жобасы Жер кодексі бойынша жалпыға ортақ пайдаланылатын жерлерге жататын көше-жол желісінің жиектерінде, алаңдарында және өзге де нысандарында ақылы тұрақтар ұйымдастыруды көздейді. Алайда ҚР Жер кодексінің 109-бабымен мұндай жерлерді ақылы тұрақтар үшін пайдалануға тікелей жол берілмейді. Аталған баптың нормалары жекелеген нысандарды, оның ішінде ақылы тұрақтарды орналастыру үшін оларды пайдалануға шектеулерді қоса алғанда, ортақ пайдаланылатын жерлерден жер учаскелерін беру ерекшеліктерін белгілейтінін ескеру қажет.
Бұл жағдайда ҚР Жер кодексі 109-бабының әзірленіп жатқан НҚА ережелеріне тиісті нысаналы мақсаты бойынша жер пайдалану құқығы (меншік құқығы) бар, жұмыс істеп тұрған және әлеуетті кәсіпкерлерге әсер ету мүмкін құқықтық және экономикалық салдары тұрғысынан ықпал етуін қосымша пысықтау қажет.
Республикалық маңызы бар қаланың мәртебесін және оның аумағындағы жер пайдалану мәселелерін реттеу ерекшеліктерін ескере отырып, жобаның ҚР Жер кодексінде көрсетілген ережелерге сәйкестігі мәселесін пысықтау ұсынылады. Сондай-ақ, жобада тарифті белгілеу мәселесі, сондай-ақ, тарифті бекітетін орган мәселесі реттелмеген. Өз кезегінде, Кәсіпкерлер палатасы жобаға тиісті талдау жүргізеді, оның нәтижелері бойынша сараптамалық қорытындыны әзірлеуші органға жібереміз», – деді Әзілхан Жаримбетов.
Жиын барысында қаулы жобасын әзірлеушілер құжат туралы түсіндіріп өтті.
.jpg)
«Бұған дейін Шымкентте мұндай жобаның жүзеге асырылуына заңнамалық негіз болмаған. Ал биылғы 17 шілдеде «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне астананы және республикалық маңызы бар қалаларды, ұлттық жобаларды дамыту, кәсіпкерлік және мемлекеттік органдардың функцияларын оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңы қабылданды. Осы заңды орындау үшін 13 тамызда «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне астананы және республикалық маңызы бар қалаларды, ұлттық жобаларды дамыту, кәсіпкерлік және мемлекеттік органдардың функцияларын оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2025 жылғы 17 шілдедегі ҚР Заңын іске асыру жөніндегі іс-шаралар туралы Премьер-Министрдің Өкімі шықты. Осы нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары басқармасына ақылы тұрақтарды ұйымдастыру қағидаларын бекіту құзыреттілігі берілген. Бұл жөнінде ҚР Үкімет басшысының өкімі де бар. Сол өкімге сәйкес барлық құзыретті органдар мерзімінде қабылдауы қажет. Осы негіздерге сүйене отырып біздің басқарма осындай қаулы жобасын әзірледік. Жобаны қарастыру барысында Астана, Алматы қалаларындағы жұмыс істеп тұрған жобаларын қарастырдық. Мұндағы басты мақсат – жалпы көлік тұрақтары жобасының құқықтық негізін қалыптастыру», – деді Шымкент қалалық жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары басқармасы басшысының орынбасары Шерзат Сүттібаев.
Жиын барысында кәсіпкерлер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, мамандардың жауабын алды.
.jpg)
Отырыстың соңында Кеңестің резолюциясы қабылданды:
Кәсіпкерлер палатасына күн тәртібіндегі қаулы жобасына қатысты кәсіпкерлердің талап-тілектерін, ұсыныстарын назарға алу;
Қаулы жобасына талдау жасалып, ескертулерімен сараптамалық қорытынды беру;
Келіп түскен мәселелерді, ұсыныстар мен ескертулерді ескере отырып, қаулы жобасына сараптамалық қорытынды беруді негізді ескертулермен қарастыру ұсынылды.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша Кәсіпкерлер палатасы Қазақстан кәсіпкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл хартиясы туралы ақпарат беріп, бизнес-қоғамдастықты Хартия қағидаларын тұрақты ұстануға шақырды.


Пікір қалдыру:
Пікірлер: