«Атамекен» оқушыларға болашақ мамандығын таңдауға бағыт берді
Алматы қаласындағы кәсіптік бағдар беру жұмыстары аясында «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының қолдауымен «Олимп» клиникалық-диагностикалық зертханасының қызметкерлері №64 жалпы білім беретін мектептің 9-сынып оқушылары үшін кәсіби-танымдық экскурсия ұйымдастырды.
Іс-шара барысында білім алушыларға зертханадағы негізгі жұмыс бағыттары, биоматериал тапсыру тәртібі мен қабылдау ережелері, сондай-ақ зертханалық талдаулардың жүргізілу қағидалары туралы толыққанды ақпарат берілді. Мамандар зертханадағы заманауи технологиялар мен құрал-жабдықтар жұмысын түсіндіріп, диагностикалық процестердің кезеңдерін көрсетті.
Экскурсия барысында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, нақты әрі мазмұнды жауаптар алды. Бұл іс-шара оқушылардың кәсіби бағдарын айқындауда және болашақ мамандықтарын саналы түрде таңдауға бағытталған маңызды тәжірибелік қадамдардың бірі болды.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: