«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Алматы қаласының кәсіпкерлері Германияда бизнес-тағылымдамадан өте алады!!!

2025 жылғы 29 Наурыз
- Алматы қаласы
1714 просмотров

Дереккөз: time.kz

11 наурыздан бастап Алматы қаласының «Атамекен» өңірлік палатасында 2025 жылға арналған «Іскерлік байланыстар» және «Рartnering in Business with Germany» бағдарламаларына қатысу үшін «Жалпы экономикалық кооперация» атты ағылшын тілді топ құрылуда!

Жылдық орташа табысы кемінде 10 мың АЕК болатын кәсіпкерлер шақырылады.

Іскерлік тағылымдама аясында қатысушылар шетелдік серіктестермен:

•         Технологиялар трансферті және жабдықтар сатып алу;

•         Тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді өзара жеткізу;

•         Франшиза сатып алу;

•         Бірлескен кәсіпорындар құру

мәселелері бойынша іскерлік байланыс орната алады.

Қатысуға өтінімдер Алматы қаласының «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасында 2025 жылғы 11 наурыздан 8 мамырға дейін қабылданады.

Мекен жайымыз: Абылайхан даңғылы, 79/ Әйтеке Би көшесінің қиылысы қабылданады. Сұрақтар бойынша: +7 775 983 2837 Жанар Ибрагимова


Еншілес ұйымдар

Серіктестер