«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Шымкентте Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің жаңа құрамы сайланды

2025 жылғы 29 Қаңтар
- Шымкент қаласы
1256 просмотров

«Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының сайлау комиссиясы сайлау нәтижелерін жариялап, Шымкент қаласы Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің жаңа құрамын бекітті.

Кеңестің жаңартылған құрамына енген кәсіпкерлер алдағы 4 жылда жергілікті бизнесті дамыту бағытында жұмыс істейді. Шымкент бойынша Өңірлік кеңес мүшелерінің саны 25 адамды құрайды. Сайлауға барлығы 31 үміткер қатысты.

Кандидаттар ретінде қоғамда белсенді, өзіндік пікірі бар кәсіпкерлер тіркелді. Үміткерлер 9 салалық кеңес пен 3 аккредиттелген қауымдастықтың атынан қатысты.

«Өңірлік кеңес сайлауына қатысып, дауыс берген қаламыздың бизнес өкілдеріне алғыс айтамыз. Өңірлік кеңес, Кәсіпкерлер Палатасы сияқты, Шымкент қаласындағы, өңіріміздегі кәсіпкерлік дамыту бағытында жұмыс істейді. Біздің мақсатымыз – экономиканы дамытуға және инвестициялық ахуалды жақсартуға ықпал ету, бизнестің мәселелерін шешу. Өңірлік кеңестің жаңа құрамы жергілікті билік органдарымен тиімді диалог құратын платформа болуға дайын екеніне және бизнестің өзекті мәселелерін шешуге барынша белсенді қатысатынына сенімдіміз. Өңірлік кеңес құрамында шағын және орта бизнес өкілдерінің көптігі қуантады», – деді Шымкент қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Сабира Адамбекова.

Айта кетейік, Өңірлік кеңестің сайлауы 2025 жылдың 20-22 қаңтары аралығында өтті.

Сонымен, Шымкент қаласы Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің құрамы:

1. Абдусаттаров Нұрдәулет Өмірәліұлы, «Бағжан Лэнд» ЖШС директоры (Сауда және қызмет салалық кеңесі);

2. Альжанова Хадиша Дербісқызы, «Даму» ОҚО фармацевтикалық және медициналық ұйымдар қауымдастығы» ЗТБ директоры (Қауымдастық);

3. Әшірбаев Батырбек Мырзакелдіұлы, «Integra Construction KZ» ЖШС филиалының директоры (Құрылыс және ТҮКШ салалық кеңесі);

4. Байтелиева Жанар Елтанқызы, «Сәнді-Өмір» ЖШС директоры (Туризм және креативті индустрия салалық кеңесі);

5. Башенов Асылбек Құтжанұлы, «ADAN мектебі» ЖШС директоры (Білім салалық кеңесі);

6. Жүзенова Гулия Бексұлтанқызы, «ЭкоФарм Интернейшнл» ЖШС атқарушы директоры (Денсаулық сақтау салалық кеңесі);

7. Досымов Қанат Тастыбайұлы, «Индустриальный синдикат» ЖШС бас директоры (Өңдеу өнеркәсібі салалық кеңесі);

8. Зиятбеков Дінмұхаммед Әбдірбекұлы, «Business and Travel Central Asia» ЖШС құрылтайшысы (Туризм және креативті индустрия салалық кеңесі);

9. Иманбаев Ерлан Бекболатұлы, «Иманбаев» ЖШС директоры (Сауда және қызмет салалық кеңесі);

10. Исхақов Талғат Жүнісбекұлы, «Бал Текстиль» ЖШС құрылтайшысы, директоры (Жеңіл өнеркәсіп салалық кеңесі);

11. Караманова Диана Мұратханқызы, «Керемет-Оңтүстік» бөбекжай-балабақшасы» ЖШС жетекшісі (Білім салалық кеңесі);

12. Копайлов Игорь Игоревич, «HORECA Қазақстан» мейрамхана-қонақ үй бизнесі кәсіпорындарының қауымдастығы» ЗТБ президенті (Қауымдастық);

13. Маймақов Әнуарбек Әбдібекұлы, «Шымкент қаласы және Түркістан облыстық жекеменшік клиникалар қауымдастығы» ЗТБ төрағасы (Денсаулық сақтау салалық кеңесі);

14. Мамыров Ойрат Маратұлы, «Эристайл Қазақстан» ЖШС директоры (Құрылыс және ТҮКШ салалық кеңесі);

15. Молдасеитов Қайрат Құсейінұлы, «Отау-Строй» ЖШС президенті (Құрылыс және ТҮКШ салалық кеңесі);

16. Мырзабаев Абай Төленбайұлы, «UNITEX VOSTOK» ЖШС бас директоры (АӨК және тағам өнеркәсібі салалық кеңесі);

17. Наимбекова Айжан Ізбасханқызы, «Барыс 2007» ЖШС директорының қаржылай мәселелер бойынша кеңесшісі (Өңдеу өнәркәсібі салалық кеңесі);

18. Насырова Гауһар Майданқызы, «ПК «АГФ групп» ЖШС директоры (Жеңіл өнеркәсіп);

19. Нишанбаев Тахирбек Фархадұлы, «Бәйтерек Агро» АӨК құрылтайшысы (АӨК және тағам өнеркәсібі салалық кеңесі);

20. Нұрмашев Бекайдар Қалдыбайұлы, «Оңтүстік Қазақстанның фармацевтикалық кластері қауымдастығы» ЗТБ президенті (Қауымдастық);

21. Оспаналиева Еркінкүл Жәлелқызы, «Корпорация «Береке А» ЖШС бас директоры (Құрылыс және ТҮКШ салалық кеңесі);

22. Пан Юрий Радионович, «F&B Int.» ЖШС құрылтайшысы (Сауда және қызмет салалық кеңесі);

23. Сайдуллаева Нилуфар Пахритдинқызы, «Art School»  ЖШС директоры (Іскер әйелдердің салааралық кеңесі);

24. Хегай Сергей Валерьевич, «Mega SMART» ЖШС құрылтайшысы (Өңдеу өнеркәсібі салалық кеңесі);

25. Шалқаров Ғани Әшірбекұлы, «Алипбаева Ж.Т.» ЖК директоры (Сауда және қызмет салалық кеңесі).


Еншілес ұйымдар

Серіктестер