Шымкент қалалық Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің сайлауы өтеді
Шымкент қалалық Кәсіпкерлер палатасының жанындағы Өңірлік кеңес делегаттарының сайлауы өтеді. Үміткерлердің құжаттарын қабылдап, тіркеу 2024 жылдың 10 желтоқсанынан бастап, 24 желтоқсанға дейін жалғасады.
Үгіт-насихат жұмыстары 2025 жылдың 8-19 қаңтары күндері,
ал сайлау 2025 жылдың 20-22 қаңтары күндері өтеді.
Өңірлік кеңеске делегаттарды сайлау бойынша Палата жанындағы 9 салалық кеңестің отырыстарында айтылып, кеңес мүшелеріне толық түсіндіру жұмыстары жүргізілген.
Өңірлік кеңес мүшелерінің саны – 25 адам.
Делегаттар Шымкент қаласының кәсіпкерлер палатасы жанындағы салалық кеңестердің мүшелерінің арасынан, сонымен қатар, Палатада аккредиттелген өзін-өзі реттейтін ұйымдардың және қауымдастықтардың бірінші басшылары мен атқарушы органы мүшелерінің арасынан таңдалады.
Өңірлік кеңес мүшелігіне кандидаттарға қойылатын талаптар:
• Қазақстан Республикасының азаматы болуы тиіс;
• салалық кеңестің мүшесі, немесе Өңірлік кәсіпкерлер палатасында аккредиттелген қауымдастықтың атқарушы органының мүшесі болуы тиіс;
• соңғы 3 айда салық қарызы болмауы тиіс;
• заңмен белгіленген тәртіпте өтелмеген немесе жойылмаған соттылығы болмауы тиіс.
Өңірлік кеңес мүшелігіне кандидаттарды тіркеуге қажет құжаттар:
1. жеке кәсіпкердің, кәсіпкерлік субъектісінің бірінші басшысын немесе атқарушы органының мүшелерін кандидат ретінде ұсыну туралы өтініш (салалық санатын көрсету);
2. кәсіпкерлік субъектісінің жарғысы және/немесе құрылтай шартын көшірмесі (болған жағдайда);
3. кәсіпкерлік субъектісі ретінде мемлекеттік тіркелгенін растайтын құжат;
4. кандидаттың түйіндемесі немесе биографиялық мәліметтері;
5. кандидаттың атқарушы орган мүшесі ретінде лауазымын растайтын құжат (акционерлік қоғамдар немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер үшін);
6. кандидаттың жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
7. үш айдан аспайтын мерзімде мемлекеттік кірістер органдары жүргізетін салық қарызының жоғын растайтын анықтама;
8. кәсіпкерлік субъектісінің қатысушылары туралы анықтама (заңды тұлға, филиал немесе өкілдік туралы анықтама немесе бағалы қағаздар туралы бірыңғай тіркеуші туралы анықтама - тек акционерлік қоғамдар үшін);
9. сотталмағаны туралы анықтама.
Қауымдастықтан (одағынан), кәсіпкерлік қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымнан Өңірлік кеңес мүшелігіне кандидаттарды тіркеу үшін мына құжаттар қажет:
1. қауымдастықтың (одағының), кәсіпкерлік қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның Өңірлік кеңеске өзінің бірінші басшысын немесе атқарушы органның мүшесін ұсыну туралы өтініші;
2. қауымдастықтың Өңірлік палатаның аккредитациясын растайтын құжаты;
3. қауымдастықтың кандидаттың түйіндемесі немесе биографиялық мәліметтері;
4. қауымдастықтың кандидаттың бірінші басшысы немесе атқарушы орган мүшесі ретінде лауазымын растайтын құжаты;
5. қауымдастықтың кандидаттың жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
6. қауымдастықтың үш айдан аспайтын мерзімде мемлекеттік кірістер органдары жүргізетін салық қарызының жоғын растайтын анықтама;
7. сотталмағаны туралы анықтама.
Кандидаттарды ұсыну мерзімі – 2024 жылдың 10-24 желтоқсан аралығында, үгіт-насихат жұмыстары – 2025 жылдың 8-19 қаңтары аралығында, ал дауыс беру 2025 жылдың 20-22 қаңтары аралығында өтеді.
Құжаттарды қабылдау мекенжайы: Шымкент қаласы, Ерімбетов көш, 304Г, «Заңғар» бизнес орталығы, Шымкент қаласының кәсіпкерлер палатасы, байланыс нөмірі – 1432, 8 707 444 27 20 (Әзілхан Жаримбетов).
Пікір қалдыру:
Пікірлер: