«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Астана қаласының Кәсіпкерлер палатасында Іскер әйелдер аралық кеңесінің төрағасы сайланды

2024 жылғы 28 Қараша
- Астана қаласы
639 просмотров

Астана қаласындағы Кәсіпкерлер палатасының алаңында Іскер әйелдер аралық кеңесінің отырысы өтті, оған 200-ден астам адам қатысты. 

Күн тәртібіндегі негізгі мәселелер — кеңес төрағасын сайлау және тұрақты құрамды бекіту.

Төрағалыққа төрт үміткер ұсынылып, әрқайсысы өз бағдарламасын таныстырып, кеңесті дамыту жөніндегі көзқарастарын ұсынды:

1. Балахметова Гульнара Оразалыевна  
2. Утеуова Аяжан Дюсембаевна  
3. Уразгалиева Гаухар Мергеновна  
4. Ирсалиева Сания Камбаровна

Ашық дауыс беру нәтижесінде Сания Ирсалиева Іскер әйелдер аралық кеңесінің төрағасы болып сайланды. 

Сонымен қатар, Кеңестің тұрақты құрамы бекітіліп, отырыс хаттамаға енгізілді.

Бұл күн әйелдер кәсіпкерлігін дамыту жолындағы маңызды қадам болды. Кеңес жаңа жобалар мен бастамаларды іске асыру бағытында белсенді жұмыс істейтін болады!


Еншілес ұйымдар

Серіктестер