«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Ұлттық палата және Мәдениет министрлігі ұлттық туристік өнімді дамытудың жол картасын әзірледі

2023 жылғы 02 Наурыз
7829 просмотров

2023 жылы инфрақұрылымдық мәселелерді шешуге, қолөнер мен балалар және жасөспірімдер туризмін дамытуға, сондай-ақ цифрландыру жөніндегі іс-шараларға баса назар аударылатын болады.

Құжатқа Ұлттық палата басқарма төрағасының бірінші орынбасары Мақсат Қиқымов, ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев және «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Талғат Аманбаев қол қойды.

Мақсат Қиқымов құжатқа қол қою дәстүрлі іс-шараға айналғанын және биыл жол картасы төртінші рет қабылданғанын айтты.

«Бүгін біз төртінші жол картасына қол қойдық. Жыл өткен сайын жол картасының тармақтары артып, нақты жобалар мен өңірлерге басымдық жасалады. Құжатты іске асырудың маңызы салалық министрлік пен бизнестің өзара іс-қимылында жатыр. Жол картасының барлық тармағы орындалып, сапалы туристік өнімді қалыптастыру үшін барлық жағдай жасалады деп үміттенеміз», – деп атап өтті ҚР ҰКП Басқарма төрағасының бірінші орынбасары.

Туристік өнімді әзірлеу үшін күш-жігерді біріктіру жөніндегі бастаманы туристік нарық та қолдайтыны құжатқа қол қоюдың жүйелілігімен расталады.

«Бүгін біз әдемі дәстүрді жалғастырып, ҰКП және «Kazakh Tourism» бірлесіп, жол картасына тағы да қол қойдық. Құжат сәтті жұмыс істейтінін іс жүзінде байқадық. Жол картасы – мүддеміздің бір екенінің жарқын белгісі. Біз нарықпен де, Ұлттық палатаменде жақсы қарым-қатынас орнаттық», – деп атап өтті Ержан Еркінбаев.

 «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Талғат Аманбаев құжаттың сала үшін маңызын және алдағы уақытта барлық күш-жігер бір бағытқа аударылатынын атап өтті.

«Жол картасы туристік өнімді қалыптастыру, туристік әлеуетті ілгерілету, инфрақұрылымдық мәселелерді шешу, қолөнер және балалар мен жасөспірімдер туризмін дамыту жөніндегі іс-шараларды, сондай-ақ цифрландыру жөніндегі іс-шараларды қамтиды», – деді Талғат Аманбаев.

Бұған дейін жол картасы шеңберінде санаторлық-курорттық объектілерді түгендеу, қолөнер және агротуризм, қалалық және балалар-жасөспірімдер туризмін дамыту перспективалары бойынша кешенді және экспедициялық зерттеулер жүргізілді, сондай-ақ танымал туристік маршруттар бойынша қажетті инфрақұрылым айқындалды.

Тараптар 2023 жылға арналған Жол картасы саланың жекелеген бағыттарын қоса алғанда одан әрі дамытудың, сондай-ақ бірлескен ұсыныстар әзірлеудің пәрменді механизмі болады деп үміттенді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер