«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Шымкентте бақылау-қадағалау органдары бизнес-қоғамдастық алдында есеп береді

2022 жылғы 20 Қыркүйек
- Шымкент қаласы
10666 просмотров

2022 жылдың 29 қыркүйегінде Шымкент қаласында «Бірыңғай есеп күні» өткізіледі. Аталған іс-шараны өткізудің мақсаты заңнама талаптарын бұзудың алдын алу, сондай-ақ кәсіпкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру болып табылады.

«Есептің бірыңғай күні» аясында бақылау - қадағалау органдары кәсіпкерлер алдында есеп береді және олармен мемлекеттік бақылау және қадағалау саласындағы заңнаманы жетілдіру жөніндегі идеяларды талқылайды.

Кездесуге Шымкент қаласының әкімдігі, Прокуратура органдары, Мемлекеттік қызмет істері агенттігі, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы, сондай-ақ, Шымкент қаласындағы басқа да бақылау-қадағалау органдарының өкілдері қатысады.

 Кәсіпкерлерді осы мүмкіндікті пайдаланып, бақылау – қадағалау органдарына сұрақ қоюға шақырамыз.

 «Бірыңғай есеп күні» 2022 жылдың 29 қыркүйегінде сағат 15:00-де Шымкент қаласы әкімдігі ғимаратында (үлкен мәжіліс залы, 2-қабат) өткізіледі.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер