«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Шымкентте «Бастау Бизнес» түлектеріне арналған жеңілдетілген несиеге өтініш қабылдау басталды

2021 жылғы 08 Қыркүйек
- Шымкент қаласы
12198 просмотров

Шымкент қаласының Кәсіпкерлер палатасы жанынан микробизнеске несие беру үшін микроқаржы ұйымы құрылды. «Бастау Бизнес» бағдарламасының оқуды аяқтағаны туралы сертификаты бар және өз жобаларын қорғаған тыңдаушылар жылдық 6% қарыз алуға үміткер бола алады.

«Shymkent-Atameken МҚҰ Атамекен ҰКП 51% қатысу үлесімен және Шымкент ӘКК 49% үлесімен құрылды. Бұл жоба Үкіметтің 2021 жылғы 4 маусымдағы №382 Қаулысына сәйкес іске асырылуда. «Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында ағымдағы жылы 1,5 млрд теңге көлемінде қаржыландыру қарастырылған. Осылайша, Шымкент қаласы бойынша жеңілдетілген шағын несиемен «Бастау Бизнес» жобасының 150 - ден астам тыңдаушысы қамтылады», - дейді Кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрлан Қабыштаев.

Палата директоры атап өткендей, соңғы жылдары банктік несие құрылымы ірі қарыз алушылардың пайдасына артып келеді. Жалпы алғанда, қаржы жүйесі ең ірі және сенімді қарыз алушыларды несиелендіруге бағытталған. Несие беруді ірі бизнестің пайдасына ауыстыру тенденциясы түсінікті: банктер шағын бизнеске несие беруден қорқады, өйткені қайтарылмаудың үлкен қаупі бар. Бұл жалпы экономика үшін минус. Стартап-жобалар тіпті банк секторын толықтырусыз қалады. Микробизнеске несие беру жағдайын бағалап, «Атамекен» ҰКП бүкіл аймақтарда микроқаржы ұйымдарын аша бастады. Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының және шағын қаржыландыруды дамыту құралдарын қайта қарау туралы тапсырма берді, содан кейін «Атамекен» ҚР ҰКП мүдделі министрліктермен бірлесіп шағын қаржыландыруды дамыту бойынша жаңа тәсіл ұсынды. Бүгінгі таңда «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бойынша несиелендіру шарттары анықталды. Қазақстан бойынша шағын кәсіпкерлікті дамытуға 22,5 млрд теңге бөлінді, оның 1,5 млрд теңгесі Шымкент қаласына берілді.

Нұрлан Қабыштаевтың айтуынша, бүгінгі күнге дейін мемлекеттік қолдауды пайдалана алмаған «Бастау Бизнес» жобасының түлектері ағымдағы жылы осы олқылықтың орнын толтырады және жаңа МҚҰ көмегімен өз бизнесін ашуға немесе дамытуға мүмкіндік алады.

«Шағын несиені 5 жылға дейін, мал шаруашылығы саласындағы жобалар үшін 7 жылға дейін рәсімдеуге болады. Микрокредиттің ең жоғарғы сомасы 8 мың АЕК (23,2 млн.теңге) құрайды. Сыйақы мөлшерлемесі - жылдық 6%. Бұл ретте, МҚҰ «Бастау Бизнес» жобасын бітірушілерге микрокредит беруге байланысты қандай да бір комиссияларды, алымдарды немесе өзге де төлемдерді алмайды. Жаңа бастаған кәсіпкерлерде шағын несие алу үшін бизнес түрлері бойынша шектеулер жоқ. Уақытша өтеулі қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді жер пайдалану құқығын қоспағанда, кез келген жылжымайтын мүлік негізгі кепіл бола алады. Бұл ретте негізгі кепілмен қамтамасыз ету құнының үлесі кепілмен қамтамасыз етудің жалпы құнының 70% - ынан кем болмауы тиіс»,-дейді Shymkent-Atameken МҚҰ директоры Бауыржан Пернеев.

Бұдан бөлек, несие берушінің шешімі бойынша қарыз алушылардың негізгі қарызды өтеу бойынша жеңілдік кезеңін алуға және микрокредит беру мерзімінің үштен бірінен аспайтын мерзімге сыйақы алуға мүмкіндігі бар.

МҚҰ ұсынылған құжаттар тізбесі негізінде бизнес-жобаға бағалау жүргізеді, содан кейін микрокредит беру мүмкіндігі немесе мүмкін еместігі туралы шешім қабылдайды. МҚҰ қарыз алушыларға несие беру туралы шешімді дербес қабылдайды.

МҚҰ директоры атап өткендей, жаңа микроқаржы ұйымы алғашқы өтінімдерді қабылдай бастады. Бірақ МҚҰ тұтынушылық мақсаттарға, алдыңғы кредиттерді өтеуге, өзінің берешектерін қайта қаржыландыруға, жылжымайтын тұрғын үй, жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін сатып алуға қарыздар бермейді.

Тұрғындар несиеге өтінім беру үшін «Бизнеске арналған үкіметке» «Бастау Бизнес» жобасын сүйемелдеу жөніндегі кеңесшілерге жүгіне алады.

Shymkent-Atameken МҚҰ мекен-жайы: Шымкент қаласы, Солтүстік-Шығыс м.а., Ерімбетов көшесі, 304 Г, «Заңғар» бизнес орталығы, 2 қабат.

Шымкент қаласы Кәсіпкерлер палатасының кеңесшілері мен бизнес-тренерлері құжаттарды жинауға және қарыз алуға өтінішті толтыруға көмектеседі.

Несиелендірудің барлық мәселелері бойынша 8 (7252) 39-49-99 телефонына хабарласуға болады.

Қосымша ақпарат:

Кәсіпкерлік негіздеріне оқытуды «Атамекен» ҰКП «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2017 жылдан бастап жүзеге асырып келеді. Барлығы 4 жыл ішінде «Бастау Бизнес» жобасы бойынша 150 мыңнан астам адам оқып, Қазақстан бойынша 44 мың бизнес-жобаны іске асырды. Нәтижесінде 60 мыңға жуық жұмыс орны ашылды. ҰКП өткен жылдардағы оқуға қатысушылардың бизнес-жобаларына мониторинг жүргізіп, бизнесті ашқан тыңдаушылардың 93% - ы тұрақты салық төлейтінін анықтады. 2017 жылдан бастап 2019 жылға дейінгі кезеңде бұл 1,4 млрд теңге.

Шымкент қаласы бойынша 3 жыл ішінде «Бастау Бизнес» жобасы бойынша 9 мыңнан астам адам оқып, 2 мыңнан астам бизнес-жобаны іске асырды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер