«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Павлодарда фермер мал шаруашылығын дамытып, иесіз қалған ауылды жандандырмақ

2021 жылғы 27 Сәуір
- Павлодар облысы
8073 просмотров

«Әскер» шаруа қожалығы 2018 жылы ашылды

 Қожалық Железин ауданындағы Алаколь ауылдық округінде орналасқан. Негізгі бағыты – етті мал шаруашылығы, Қожалықта 40 бас жылқы, 164 бас қой, сондай-ақ 1000 га жайылымдық бар. «Әскер» шаруа қожалығының басшысы Дәурен Алимановтың айтуынша, жеке кәсіпті бастамас бұрын ол 10 жыл бойы заңгер болып жұмыс істеген.

 «Маған қызмет саласын түбегейлі өзгерту туралы шешім кенеттен келген жоқ. Мен бұл туралы ұзақ ойландым. Уақыт өте келе жеке кәсіп бастауға уақыт келді деген шешім пісіп-жетілді. Неліктен ауыл шаруашылығы саласы таңдалды? Бұл бизнес жаныма жақын, мен одан дамудың жақсы әлеуетін көремін. Осы шешімде отбасым мені қолдады. Мен Железин ауданынанмын, сондықтан отбасылық бизнесті дәл сол жерде дамыту туралы шешім қабылданды», – дейді Дәурен Алиманов.

 Фермер алдымен 6 бас жылқы және 7 бас қойдан бастады. Ары қарай жұмыс процесі Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры, «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы, Аграрлық несие корпорациясы көмегімен өрбіді. Бизнесті құру және дамыту процесінде «Әскер» шаруа қожалығының басшысына Павлодар облысының Кәсіпкерлер палатасы қолдау көрсетті.

«Мен «Атамекен» өңірлік палатасына бизнес-идеяны жүзеге асыруға көмектескені үшін алғыс білдіргім келеді. Кәсіпкерлер палатасына әрдайым өз үйіме барғандай, қуана барамын. Енді алдымда Алакөл ауылдық округінің құрамына кірген және 2012 жылы таратылған Шипкүл ауылының аумағын алу жоспарым бар. Мұнда мен қой ұстауға арналған қысқы базаны салуға ниеттімін. Сондай-ақ, мен ауылда қой шаруашылығын ескі жылдардағыдай өркендей түсетін етіп жандандырамын деген жоспарларым бар», – дейді Дәурен Алиманов.

 АӨК бөлімінің сарапшысы Самат Кәкімов кәсіпкерлік негіздерін игеру үшін шаруа қожалығының басшысы «Бастау» жобасына қатысқанын айтты.

 «Оқуға қатысып, Дәурен Алиманов Кәсіпкерлер палатасы тегін негізде ұйымдастырған отандық және шетелдік сарапшылардың шақыруымен фермерлерге арналған семинарлардың қатысушысы болды. «Әскер» шаруа қожалығының жетекшісі алған білімін өз шаруашылығында сәтті кәдеге асырып жатыр», – деп атап өтті Самат Кәкімов.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер