«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

СЭҚ қызметкері кафеге заңсыз тексеру жүргізгені үшін жазаланды

2021 жылғы 23 Сәуір
- Шымкент қаласы
11234 просмотров

Шымкент қаласы Кәсіпкерлер палатасына «Grand Малика» кафесінің иесі Үрінбай Урайымжанов хабарласты

Кәсіпкер оның кафесіне ақпан айынан бастап Шымкент қаласы Қаратау ауданының санитарлық-эпидемиологиялық қызметі жиі тексерумен келетініне шағымданды.  Нысанға баса кіріп, ешқандай құжат көрсетпестен сары арнайы киім киген адамдар дастарханда тамақтанып отырған клиенттерді таспаға түсіре бастайды екен. Кәсіпкердің айтуынша, олардың келуі әкімшілер мен келушілердің көңілін түсіріп, тыныштығын бұзады, кәсіпкерлік қызметке араласады. Үрінбай Урайымжанов мұндай жиі тексерулер қаншалықты заңды екенін тексеруді сұрады.

 «Өтініште көрсетілген дәйектерге сәйкес, ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 318 және 319-баптарының негізінде және ҚР Бас прокуратурасы мен Ұлттық кәсіпкерлер палатасы арасындағы ынтымақтастық шеңберінде Өңірлік палата   Қаратау ауданының аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау бөлімі қызметкерлерінің іс-әрекетіне құқықтық баға беру туралы өтінішпен Шымкент қаласы Қаратау ауданының прокуратурасына жүгініп, бұзушылықтарды жоюда тиісті шараларды қолдануды сұрады»,  – деді Шымкент қаласы Кәсіпкерлер палатасының сарапшысы Әзілхан Жарымбетов.

 Қаратау аудандық прокуратурасы Шымкент қаласы санитарлық-эпидемиологиялық дапертаментке қатысты заң бұзушылықтарды, бұған ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою және кінәлі қызметкерлердің тәртіптік жауапкершілігін қарау үшін прокурорлық қадағалау актісін енгізді.

 Шымкент қаласы санитарлық-эпидемиологиялық департаменті жетекшісі А.Төлебаевтың бұйрығымен Шымкент қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бас маманы С. Ахимбековке қатысты тәртіптік жаза – сөгіс жарияланды.  

 Кәсіпкерлер палатасы егер тексерушілер құжат көрсетуден бас тартса, оларды таспаға түсіріп, тура тексеріс үстінде «Атамекен», прокуратура немесе Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне хабарласуға болатынын еске салады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер