«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Шымкентте сату жөніндегі мамандардың алғашқы легі сертификаттарын алды

2021 жылғы 15 Ақпан
- Шымкент қаласы
9649 просмотров

Сауда академиясының алғашқы 12 түлегі оқуын аяқтап, сертификаттарын алды

Жоба Шымкент қаласының Кәсіпкерлер палатасы және «Silkway» Халықаралық университетінің бастамасымен осы университет негізінде жүзеге асырылды.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы сату саласындағы мамандарды дайындау бойынша оқыту курсы – Сауда академиясы іске қосылды. Курс кең ауқымға арналған (компания қызметкерлері, кәсіпкерлер, университет түлектері және т.б.). Тренинг маркетинг, сату психологиясы, сауда ұйымының бизнес-процестері, нейромаркетинг біліктіліктерді қамтиді. Басқаша айтқанда, заманауи кәсіпорында сатудың қыр-сыры үйретіледі.

Өнімді өткізу – отандық компаниялар үшін ортақ проблема болғандықтан мақсатты бағдарламаны құру қажеттілігі туындап, идея іске асырылды.  Бұл Шымкент қаласы Кәсіпкерлер палатасы жүргізген талдау нәтижесінде айқын болған мәселелер.

«Бұрын Шымкент өндірістік қала болса, бүгінде қала дамып келеді және сонымен қатар сауда саласы да үздіксіз қарқында. Осыған байланысты біз сауданы дамытудың және сауданың жекелеген сегменттерін дамытудың кешенді тәсілдерін қамтитын отандық өндірушілердің өнімдерін ілгерілетудің мақсатты бағдарламасын әзірлеуді қажет деп таптық. Оның үстіне, бүгінгі күні Қазақстанда бірде-бір университет нарыққа бейімдеп, сату саласындағы мамандарды дайындамайды», – деді идеяның бастамашысы, Шымкент қаласы  Кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрлан Қабіштаев.

Жобаға ірі бизнес өкілдері (ЖШС «Эврика» ЖШС, «TS Development Шымкент» ЖШС) қатыстуда.

Бизнес-тренерлер:

Гресле Инна – «Эврика Компани» ЖШС кадр жөніндегі директоры,

Тұрымов Әділет – «TS Development Shymkent» ЖШС маркетинг бөлімінің бастығы (SEC Shymkent Plaza),

Қазыбаева Айман – «AlmaU нейромаркетинг» зертханасының меңгерушісі, Кайзен жаттықтырушысы.

«Бүгін «Сауда академиясы» курсы аяқталды. Керемет спикерлер! Бірінші модульде мен бұл бағдарламаны басқа қатысушыларға ұсына аламын. Қызықты теориялық және практикалық сабақтар. Маған өте мазмұнды, тиімді әрі қысқа төртінші модуль ерекше ұнады. Нейромаркетинг осы тақырыпты түсінбеген қарапайым адам курс жеткілікті деңгейде игеріп шығады. Курсқа Кайзен тақырыбын қосқаныңыз үшін көп рахмет», – деп курс түлегі Николай Друмчегло алған әсерімен бөлісті («Imperium Caeli» ЖШС)

«Маған Сауда академиясының жобасы туралы айтқан кезде қызығушылық таныта бастадым. Мен бірінші лек құрамына қатты таң қалдым, өйткені бұрыннан бері Инна сияқты маманнан білім алғым келген. Ол менің барлық үміттерімді ақтады, курс бір деммен өтті. Айманның тренингтері өте қызықты, көңілді өтті, бастысы тез әрі барлығын қамтиды!», – дейді Умида Назирова («Рауан» ЖШС).

 

«Курс өте пайдалы, мазмұнды және ең бастысы практикаға бағытталған. Мен курстың авторларына және бизнес-тренерлерге өте ризамын. Мен авторлық құқық материалдары мен презентацияларды пайдалану мүмкіндігі үшін ерекше ризашылығымды білдіремін, бұл біздің жұмысымызда – өндірісте сату саласында сұранысқа ие», – деді Гаухар Балтабаева («ДДЭК сауда үйі» ЖШС).

Шымкент қаласы ӨКП Сауда академиясының екінші легіне өтінім қабылдау басталғанын жариялады. Оқу сәуір айында басталады. Барлық толық ақпаратты мына телефон арқылы алуға болады: 8 (7252) 39-49-94 (ішкі 5117).

  

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер