«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

«Basta!»: self-made-бизнесмендер пайдалы кеңестермен бөлісті

2019 жылғы 05 Тамыз
- Шымкент қаласы
9643 просмотров

Табысты спортсмендер мен бизнесмендер арасында ортақ қандай ерекшелік бары Шымкент қаласында өткен «Баста» форумының қатысушыларына айтылды

Жастарға табыс жолы туралы айту, батыл идеялармен «шабыттандыру» бизнес-бастаманы және бизнес амбицияларды дамытуға серпін беру мақсатында «Баста!» жастар форумы Шымкент қаласы Кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен өтті. «Жас кәсіпкер» жобасына қатысушыларға көмекке амбассадорлар – өз ісін нөлден бастаған, қателіктерге қарамастан алға ұмтылып, кедергілерді өткеріп, нақты жетістіктерге жеткен шынайы self-made-бизнесмендер көмекке келді.

Форум жұмысын бастаған іс-шара модераторы – Шымкент қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрлан Қәбіштаев «Жас кәсіпкер» жобасы – кәсіпті енді қолға алған кәсіпкерлерді оқыту ғана емес, сонымен қатар табысты кәсіпкерлермен мотивациялық кездесулер өткізу, бұл шара жастарға тиімді бизнестің құпияларын білуге, қызықты сұрақтар қоюға және өз ісін ашуға шабыт алуға мүмкіндік беретінін атап өтті.

  «Жас кәсіпкер» – «Атамекен» Ұлтттық кәсіпкерлер палатасының Жастар жылында жастарға арналған сыйлығы деп айтса болады. Жоба «Бастау» жобасына ұқсас және оқыту тәжірибелі бизнес-тренердің әр стартапты  жеке қолдау бойынша құрауыштарын қамтиды. Аталған жоба арқылы  тұрақты табысы жоқ, бірақ іскерлік қабілеті бар 18-29 жас аралығындағы жастарға жаңа білім мен дағдыларды игеруге, жеке бизнес ашуға мүмкіндік береді. Жобаға қатысқан соң жастарда бизнес бастауға гранттар және жеңілдікпен несие алуға мүмкіндік болады. Бұл кәсіпкер болуда теңдесіз мүмкіндік: биыл гранттық қаржыландыруға көп қаражат бөлінді, грант саны да көп (ШЫмкент қаласында 4 мың грант!)», – деп атап өтті модератор.

 Форумда 5 бизнесмен спикер болды, олар кәсіптерін ешбір тәжірибесіз нөлден бастаған.

 Алғашқы спикер – аралас күрес түрлерінңң спортшысы,  әскери самбо бойынша үш дүркін әлем чемпионы, әскери самбо бойынша әлем кубогінің үш дүркін чемпионы және бразильдік джиу-джитсу бойынша Азия чемпионы  29 жасар Арман Оспанов.

 «Табысты бизнесмен және спортшы арасында көп ұқсастық бар: олар жетістікке еңбек пен төзімділік арқылы жетеді. Бұдан бөлек оларды жеңіске жетуге ұмтылыс, өзі үшін, ісі үшін және командасы үші соңғы демге дейін күресу сынды қасиеттер байланыстырады. Табысқа өз күшіне сенімді, арманына қол жеткізетініне сенімді адам жетеді. Кәсіби спортта: «мақсатқа ешбір кедергілерді елеместен тікелей ұмтыл, құла және орнынан тұр, соққы алсаң да алға ұмтылуыңды тоқтатпа!» деп айтады. Бизнесте де тура осылай», – деді спортшы.

  Арман жастарды тіпті бизнесте де патриот болуға шақырды. Ол отансүйгіштік – шетелдік өндірушілерді қолдау емес, ұлттық брендтерді қалыптастыру арқылы отандық, қазақстандық өнім шығару деп түсінеді.

 Екінші спикер – «Бал текстиль» шымкенттік кілем фабрикасының негізін қалаушы, директоры Талғат Ысқақов. Оның фабрикасы қысқа мерзімде Қазақстанда кілемдерді өндіру және сату бойынша көшбасшыға айналды. Экспортқа шықты. Осындай жетістікке компания қалай жетті? Спикер жеке кәсіп бастау қандай қиын болғаны жайында әңгімеледі.

 Талғат Ысқақов ауылда туған, бес жасында әкесінен айырылған. Балалық шағы мал бағумен, шөп шабумен өткен. Мектеп бітіріп, пединуститутты бітірген соң жігіт мектепте мұғалім болады. Бірақ 90-шы жылдары еңбеакқы айлап берілмеді, осылайша Талғат базардағы саудаға кетуге мәжбүр болды. Талғат Ысқақов көп жылдар бойы шетелде жасалған кілемдерді сатып жүрді. Осы уақытт ол кілем саласындағы барлық қыр-сырын меңгеріп алған. Кәсіпкердің айтуынша сата білу, өткізу нарықтарын таба алу – бизнесмен үшін ең бастысы. Түрік кілем өндіруші Талғаттың бойынан дәл осы қасиетті бағалаған. Осылайша екі серіктес үлкен кілем фабрикасын құрған. Түрік компоньоны кілем шығаруды білсе, Талғат Ысқақов тауарды қайда және қалай өткізу қажеттігін білді.

 «Жеке кәсіп бастағанда, бастысы – осы кәсіптегі барлық сатыны өзің өткеруің керек. Ерінбей, өз күшіңе сеніп, еш уақытта қол құсырмау керек. Кем дегенде бір кәсіптің, аяқ киім тігу болсын немесе сауда болсын, қыр-сырын білген маңызды», – деді Талғат Ысқақов.

 Келесі спикер – «Мега смарт» заманауи жиһаз фабрикасының директоры Сергей Хегай бизнеске 16 жасынан араласқан. Оны қарапайым бұрма бұрағыш фабрика ашуға дейін жеткізген.

 «Алғашқы бизнесім – азық-түлік тауарлар бутигін жалға алу – құрдымға кетті. Одан кейін тағы екеуі: бейнефильмдерді жалға беру және поп-корн өндіру де орындалмады. Маған бір жайт көмектесті, ол – қалада жоғары базарды бутиктер жүйесіна ауыстыра бастады, менің ағам осы бутиктерге сөре жасауды маған тапсырды. Сөре жасауды білмедім. Сондықтан мен жиһаз жасаушыларды жалдап, оларға жұмыстың үлкен ауқымы болады деп уәде еттім. Бірақ бұл жоба да іске аспады. Бірақ менің жиһаз өндірушілер алдындағы уәдем басқаша әрекет етуге мәжбүрлетті. Мен оларға хабарландырулар арқылы тапсырыстар іздей бастадым. Осылайша, бірінен кейін бірі бізде клиенттер пайда бола бастады. Кейін жиһаз дизайнерін табу қажеттілігі туды, содан өзім дизайнер болдым. Кейін білдектер қажет болды. 2006 жылы Қытайдан 1200 долларға алғашқы білдекті әкелдім. Осылайша біртіңдеп 12 жыл ішінде жиһаз фабрикасына айналдық», – деді кәсіпкер.

   Сергей жастарға пайдалы кеңестер берді:

  1. өз уақыттарыңызды екі бөлікке бөліңіз: күнделікті уақыттың 50 пайызын күйбең жұмыстарға, тұрмысқа, дамымай жатқан нәрселерге жұмсаңыз. Басқа 50 пайызды жеке дамуға, компания, адамдарға жұмсаңыз (кітап оқу, кездесулер, маркетингпен жұмыс және т.б.)
  2. ақшаңызды тек активтерге жұмсаңыз. Активке жұмсасаңыз, өсесіз. Ақшаны пассивке жұмсасаңыз (автокөлік, үй және т.б.) банкрот боласыз. Мәселен, 100 мың доллар табысың болса, онда пассивке 10 мыңнан артық емес соманы салуға болады, ал 90 мың долларды активке салу керек.
  3. Идеяңыз болса, оның жақсы екенін басқаларға дәлелдеңіз!

Келесі спикер «Global кофе» басқарушы компанияның негізін қалаушы Аят Әзімовтың оқиғасы қызықты.

 Жоғары оқуды аяқтаған соң ол вахталық әдіспен «Теңіз-шевроилда» жұмыс істеген. Вахтадан соң Шымкентке оралып жүргенде не істеу керек деп ойланған. Осы кезде кафе-бар ашу идеясы келеді. Жергілікті нарықты зерттеген соң достар Шымкентте «өзіңмен бірге кофені алып кету» форматы керек екенін түсінеді.

 «Ұжымға дұрыс адамдарды қалай алу керектігін білмедік, басқарушы кадрлар керек екенін білмедік, дұрыс жабдықты қалай таңдау керектігін білмедік. Саяхаттың басында жауапкершіліктердің дұрыс бөлінбеуі себепті бізде жиі қақтығыстар орын алды. Біз қажетті адамдарды жалдай бастағаннан кейін ғана біз басқа жобаларға ауыса алдық. Әрине, дұрыс тайм-менеджмет болуы керек»,– деді кәсіпкер.

 Сонымен қатар бизнестің құрауышы – networking байланыс орнату білу деп санайды Аян Әзімов. Бұл ақшаның емес адамдардың қарым-қатынасы.

 Соңғы спикер – инновациялық жобаның авторы, «Vacuummatic» компаниясының негізін қалаушы Нұрлан Жакеев. Оның бизнесі шағын ғана гараждан басталған. Осылайша Нұрлан досымен бірге вакуумды қаптама шығаратын алғашқы білдекті құрап шығарған. Енді кәсіпкердің осындай жабдық шығаратын бүтін зауыты бар. Нұрланның айтуынша, бизнесте бастауға қорықпау керек.

«Бүгінде жақсы маманды жоғары еңбекақымен қызықтыра алмайсың, өйткені мұндай маман қашан да ақша табады. Оны жұмыс істеуге қолайлы  жағдай жасаумен тартуға болады. Адам жұмыста көп уақытын өткізеді. Сондықтан қолайлы жұмыс орны керек. Дәретханасы қабылдау бөлмесінен қымбат тұратын компаниялар бар. Мен оларды жақсы түсінемін», – дейді кәсіпкер.

 Кездесуге келген жастар табысты бизнесмендерге сауалдар қойып, көпке дейін жібермеді. Форумның жоғары өнімділігін алға тартқан олар осынша мотивация алып, жаңа идеялардан энергия алғандары үшін ұйымдастырушыларға алғыс білдірді.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер