«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Бизнесмен Қайрат Молдасейітов Өңірлік кеңестің төрағалығына сайланды

2019 жылғы 01 Сәуір
- Шымкент қаласы
13076 просмотров

Шымкент қаласы Кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесі төрағалығына Қайрат Молдасейітов тағайындалды. Кандидат Өңірлік кеңес мүшелерінің бір ауыздан болған шешімімен мақұлданды

 Қайрат Молдасейітов – танымал отандық бизнесмен, қазіргі таңда «OtauGroup» холдингінің президенті және Венгрияның Шымкент қаласындағы құрметті консулы. Бизнесменнің кәсіпкерлік қызметінде оның компаниясы кәсібилік және әр түрлі дәрежедегі күрделі  мәселелерді тиімді шешу арқылы тұтынушылардың сенімін жаулап алды. Қайрат Молдасейітов Түркістан мен Шымкент қалаларының әкімі болған жылдары мемлекеттік қызметте білікті басшы екенін көрсете білді.

 «Сіздің басқаруыңыздағы бизнес қаламыздың көркейіп, дамуында маңызды рөлге ие. Еңбек және қоғамдық қызмет жылдары ішінде сіз бизнес менеджментінде бай тәжірибе жинақтадыңыз. Ал қала мәслихатында депутаттық қызмет өңірдің қоғамдық кономикалық дамуына үлкен үлес қосты. Сіздің жетекшілігіңіздегі Өңірлік кеңес үшінші мегаполистегі бизнеске сүбелі қолдау көрсетеді деген сенімдемін», – деп атап өтті Шымкент қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрлан Қәбіштаев.

 Естеріңізге салсақ, бұл Өңірлік кеңестің жаңа мәртебедегі алғашқы жиыны. Шымкент қаласының Кәсіпкерлер палатасы 2018 жыл қазан айында құрылды. Өңірлік кеңес – өңірлік палатаның бақылаушы органы, оның құрамына кәсіпкерлік субъектілері, сонымен қатар қауымдастықтар мен одақтардың өкілдері кіреді. Өңірлік кеңес мемлекеттік органдар және бизнес-қоғамдастықтар арасында тиімді диалог алаңы. Өңірлік кеңестің мүшелері өңірдегі кәсіпкерліктің дамуына атсалысып, нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеуге қатысады.

Алғашқы жиында Өңірлік кеңестің мүшелері алдағы жылға жұмыс жоспарын салалық комиттердің құрамы және бағыттарды, Өңірлік кеңес жанындағы бюджет және кадрлық комиссия жұмысын талқылады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер