«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

«АТАМЕКЕН»  қауымдастықтарды тіркеуді қайта бастады

2019 жылғы 28 Қаңтар
5292 просмотров

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы республикалық салааралық, салалық қауымдастықтарды (одақтарды), республикалық салааралық, салалық шағын және орта бизнеспен айналысатын кәсіпкерлерді, ірі кәсіп иелерін тіркеуді қайта жаңғыртуда.

Құжаттар 2019 жылдың 22 қаңтары мен 29 наурызы аралығында қабылданады. Құжаттар жиынтығы дәстүрлі пошта бойынша немесе электронды түрде де қабылдана береді.  Қауымдастықтар, одақтар  Ережеде көрсетілген құжаттарын  Ұлтттық палатаның

Басқармасына мына мекенжай бойынша жіберіледі: ҚР, индекс 010000, Астана қаласы, «Есіл» ауданы, Қонаев көшесі 8, «Зүбаржат кварталы» БО, «Б» блогы; e-mail: n.shayakhmetov@atameken.kz (байланыс телефондары 91-93-56 (1972 ішкі).

Ұлттық палатада тіркеуден өтуге қажетті құжаттар тізбегі:

  1. Ережедегі 1 қосымшаға сай формада толтырылған, қауымдастық немесе одақ басшысының қолы қойылған немесе сенімхат арқылы басқа өкілдің қолы қойылған өтініш (сенімхаттың көшірмесі қосымша жіберілуі тиіс);

2)   біліктілік талабына сай қауымдастық қызметін растайтын есептер және қауымдастықтың лайықтылығын анықтайтын құжаттар;

3)   Ұлттық палатаға тіркелу үшін, сондай-ақ:  

- Қауымдастық атынан ұсынылатын дауыс беру құқығы бар өкілдің Ұлттық  палата президиумының мәлімдемесі;

- жоғарыда көрсетілген өкіл жайлы мәліметтер (өкілдер) (аты-жөнінен бастап, экономика саласындағы жұмыс өтілі, кәсіби шеберлігі, жеке куәлігінің көшірмесі, түйіндеме, біліктілігі);

-    Қауымдастықтар мен одақтар өкілдерінің (дауысқа салу құқы бар) қатысуы үшін Ұлттық палатаның басқа комитеттері жайлы мәлімет, сондай-ақ, өкілдер жайлы мәлімет (аты-жөнінен бастап, экономика саласындағы жұмыс өтілі, кәсіби шеберлігі, жеке куәлігінің көшірмесі, түйіндеме, біліктілігі);

-    Съезд жұмысына  қатысатын қауымдастық немесе одақ өкілдері жайлы мәлімет;

4)   Қауымдастық пен одақтардағы штат бойынша жұмыс істейтін қызметкерлер жайлы мәлімет (аты-жөні, лауазымы).

Тіркелу үшін Ереже бойынша бекітілген біліктілік талаптары.

Ереженің толық нұсқасы мен Ұлттық палата Президиумының Комитеттері жайлы ақпаратты «Атамекен құжаттары» бөлімінен ала аласыздар. «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ережесі мен басқа да құжаттары және VII «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының президиумы Комитеттері жағдайы» IV  тараудың 3 тармағы.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер