«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қарағанды облысы экспортының 70%-ы ТМД елдеріне тасымалданады

2018 жылғы 24 Желтоқсан
- Қарағанды облысы
9354 просмотров

Жыл басынан қарағандылық тауар өндірушілерге 12 224 тауардың шығу тегі  сертификаты берілді. Бұл туралы atameken.kz-ге Қарағанды облысы кәсіпкерлер палатасының сарапшысы Гүлбаршын Бекішева хабарлады.

Қазіргі таңда отандық тауарлар көрші елдерге ғана емес, алыс шет елге де тасымалданып жатыр. Көп мемлекетпен Қазақстан Еркін сауда туралы келісім жасаған, оған сәйкес тауар айналым кезінде кедендік салықтарға өзара жеңілдіктер жасалады.

 «Тауардың шығу тегі сертификаты – тауардың шыққан елі туралы куәландыратын, экспорттаушыға кедендік салықтар бойынша жеңілдіктер алуға немесе салықтан мүлдем босатылуға мүмкіндік беретін  құжат. Оның ішкі қолданысқа және экспортқа арналған екі түрі болады. Қазіргі таңда Қазақстандық тауардың шығу тегі туралы сертификатын алуға өтінімді электронды форматқа өту жүзеге асырылуда. Өтінімді беру үшін https://doc24.kz/ сайтына тіркелу керек», – деді ӨКП сарапшысы Гүлбаршын Шарлатбайқызы.

 Биылдан бастап Ұлттық палата тауардың шығуын міндетті тексеру процедурасын алып тастады, бұл процедура кәсіпкердің уақытын алып, шығынын көбейткен. Өңірлік палаталар мамандары сарапшылар берген құжаттарға талдау жүргізеді. Барлық заңнамалық нормаға сәйкестік болған жағдайда 1 жұмыс күні ішінде сертификат беріледі.

 Ішкі қолданысқа «СТ-KZ» формасында сертификат беріледі. «СТ-KZ» формасындағы тауардың шығу тегін куәландыратын сертификаттың болуы кезінде отандық тауар өндіруші мәртебесі бар кәсіпкер басқа кәсіпкерлер жанында бірқатар артықшылығы бар. Әдетте сертификат тендерлерге қатысу үшін қажет.

 Экспортқа арналған сертификаттардың бірнеше формалары болады. «СТ-1» формасы ТМД елдеріне экспорттауға шығарылады, «Форма-А» – Еуродақ елдеріне, «СТ-2» формасы – Қазақстан еркін сауда туралы келісім жасаған елдерге экспорттауға арналған, «СТ-1 93 жыл» формасы – Өзбекстан мен Түрікместанға, «EAV» формасы – Вьетнамға арналған.

 «Жыл басынан Кәсіпкерлер палатасы 12 224 сертификат берді, оның 11 670-і – экспортқа, 654 – ішкі қолданысқа. Экспорт бойынша айтатын болсақ, сертификаттың көбі ТМД елдеріне тауар тасымалдауға берілді, бұл дегеніміз 70 %. Қалғаны алыс жақын шет ел», – деді сарапшы.

Қарағанды экспорты негізінен бидай, ұн, кебек, ет және басқа да тауарлардан тұрады. жалпы 2018 жыл қарағандылық экспорттаушылар үшін жемісті болды. Мәселен 12 қарашада Қытайға 20 млн теңге сомасында 20 тонна мұздатылған қой еті жөнелтілді. Экспортқа арналған етті Қарағанды облысындағы 200 шаруа қожалығы дайындады. Ал сәйкестік сертификатын Қарағанды облысы кәсіпкерлер палатасы берді. Енді «Арай KZ» ЖШС Қытайға өнімнің екінші партиясын дайындап жатыр. Сертификаттау бөлімінің сарапшылары «Евразия Инвест ЛТД» ЖШС-ның «Бие сүтін сублимациялық әдіспен өңдеу» экспортқа бағытталған жобаның әлеуетін ерекше атап өтуде. Бүгінде сублимацияланған сүтті Қазақстанда тұтынады, сонымен қатар Америка, Еуропа, Қытайға тасымалдайды. Атап айтқанда, компания Ресей Федерациясы мен Гонконгтық әріптестермен келісім жасады.

Палата мамандары үшін ең бастысы – Қарағанды тауар өндірушілерінің сыртқы нарықтағы жетістігі. Кәсіпкерлер де алғыс білдіріп жатыр. Олардың бірі – «Бёмер Арматура» ЖШС, компания Палатамен 2014 жылдан бері ынтымқатастық орнатқан.  

 «Сертификаттау бөлімінің мамандарына ерекше алғыс айтқымыз келеді. Біз ары қарайқы ынтымақтастықты қалаймыз, біздің кәсіби, сенімді әрі іскер байланысымыз одан әрі сақталса дейміз. Мамандар мәселені жылдам шешіп сенімділіктерін іс жүзінде көрсетті. Әр өтінім жасаған сайын кәсібилікті байқап келеміз», – деді «Бёмер Арматура» ЖШС өкілдері.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер