«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Университеттік стартаптарға арналған Жастар бизнес-клубы ашылмақ

2018 жылғы 24 Қазан
- Шымкент қаласы
6908 просмотров

Шымкент қаласының Халықаралық университетінде Жастар бизнес-клубы ашылмақ

Бұл туралы Келісімге бүгін Silkway Халықаралық университет ректоры Ирина Ефимова және Шымкент қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Асқар Әбубәкіров қол қойды.

Жастар бизнес-клубын ашу туралы идеяны студенттер бойына кәсіпкерлік бастамаларды ояту мақсатында Өңірлік кәсіпкерлер палатасы ұсынған болатын.  Университет аталған ұсынысты қолдап, осы мақсатқа бүтін оқу корпусын бөліп берді.  

«Клуб идеясы кәсіпкерлік негіздерін оқыту, шеберлік сабақтарын өткізу, кәсіпкерлермен кездесулерді өткізу, семинарлар, формударды ұйымдастыру болып отыр. Қазір клуб қабырғасында кем дегенде 10 жобаны жүзеге асыру, жаңа идеяларды қолдау міндеті қойылған. Бұл жер университеттік стартаптарға өзіндік ұя немесе бизнес-инкубаторы болмақ» – деді ӨКП директоры.

 Аталған бизнес-инкубатор – болашақ кәсіпкер өз идеялары және жобаларымен емін-еркін шұғылданып, тәжірибе алмасып, бизнесмендер және тәлімгерлерден үлгі алып, өз бизнес-идеяларын жүзеге асыру үшін инвестиция тарта алады. Осындай мүмкіндік беретін білім ордасы қабырғасындағы клуб шығармашылық кеңестік болмақ. Бұл жер, сондай-ақ жастардың ірі іс-шараларын өткізетін іскерлік, қоғамдық ошақ болмақ.

 Шеберлік сабақтар мен тренингтерге қатысу университет студенттері үшін тегін болады.

 Өз кезегінде Өңірлік кәсіпкерлер палатасы клуб жұмысын жан-жақты қолдап, шеберлік сабақтар, бизнес-тренингтердің өткізуіне атсалысып, бастауыш кәсіпкерлерге кеңес беріп, жобаларға менторлық жүргізуге дайын.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер