«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Мемлекеттік мекемелер тағы да кәсіпкерлерді алдауға тырысуда

2018 жылғы 12 Қазан
- Шымкент қаласы
11817 просмотров

Түркістан облысында мемлекеттік мекемелер мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды қазынашылық органдарында тіркемеу жәйттері жалғасуда. Бұл жолы Мемлекеттік мекемелердің бірі кәсіпкерге мемлекеттік сатып алу туралы шартта және хабарландыруда болмаған қосымша талаптар қойған.

Мұндай оқиғаның бірі өткен қыста мемлекеттік органға алданып, нәтижесінде өз өзін өртеуге дейін барған кәсіпкерде кездесіп қайғылы аяқталған болатын. Мұндай әрекетке шенеуніктердің әрекетсіздігі итермелеген, соның салдарынан банкротқа ұшыраған.

Бұл жолы «ЛЯЯН» ЖШС ОҚО Кәсіпкерлер палатасына жүгінді. Серіктестік жаттығу залын жалға пайдалану қызметтерін ұсыну бойынша мемлекеттік сатып алуда жеңімпаз болған. Тапсырыс беруші «Түркістан облысының Созақ ауданы әкімдігінің спорт және дене шынықтыру бөлімінің  балалар-жасөспірімдер мектебі» мемлекеттік мекемесі болды. Келісімге қол қойылғаннан кейін «ЛЯЯН» ЖШС бірінші әкімшілік тосқауылға тап болды: мемлекеттік мекеме жалға берілген спорт залын қабылдаудан бас тартты. Алайда, ЖШС келісімшарттың барлық шарттарын орындаған: барлық талаптарын қанағаттандыратын спорт залда медбике мен санитар қызметтері де бар. Мұнымен қоймай мемлекеттік мекеме мемлекеттік сатып алуды және келісімшартты жариялауда көрсетілмеген қосымша талаптарды қойған. Содан соң, ЖШС-ті мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану үшін, ал келісім-шарттарды жарамсыз, сондай-ақ өсімпұлды өндіріп алу туралы сотқа арыз берген. Облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты мемлекеттік мекеме жағына шығып, оның талаптарын толық көлемде қанағаттандырды.

Ең қызығы, сот бір маңызды фактіні ескермеді – мемлекеттік мекеме қазынашылық органдарында мемлекеттік сатып алу туралы шартты тіркеуді жүргізбеген, бірақ шартты тіркеудің жоқтығына қарамастан, сот мемлекеттік мекеменің пайдасына шешім шығарады.

Палата сарапшылары сот шешіміне апелляциялық шағым жасауға көмектесіп, сот процесіне қатысты. Нәтижесінде мемлекеттік мекеменің іс-әрекеттерінің дұрыс еместігі және экономикалық сот шешімінің заңсыздығы дәлелденді. Сот шешімі жойылды, мемлекеттік мекеменің арыз талаптарын қанағаттандырудан бас тартылды.

Ұқсас жағдай мереке күндері қаланы көркейту жұмыстарын орындау бойынша мемлекеттік атып алуда жеңімпаз деп танылған жеке кәсіпкер Нұрбибі Баймурзаевамен де болған. Тапсырыс беруші - Шымкент қаласы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі, қазіргі Шымкент қаласы Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы қазынашылық органдарда тіркеу жүргізбеген. Ал бұл «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңының талаптарын бұзу. Келісімшарт әлі күнге дейін тіркелмегеніне қарамастан, мемлекеттік орган кәсіпкерге нұсқау беруін жалғастырған. Ал кәсіпкер жосықсыз өнім беруші тізіліміне түспеу үшін, қазынашылық органдарында келісім-шартты тіркеусіз жасаған жұмыстары үшін ақы ала алмайтындығына қарамастан, жұмысты толық көлемде орындауға мәжбүр болған. Әңгіме шартта көзделген 19 млн теңге туралы болып отыр.

Осындай оқиға «Еркін-Сенім» ЖШС-мен, автокөлік жолдарына орташа жөндеу жүргізу үшін мемлекеттік сатып алудың жеңімпазымен де болған. Тапсырыс беруші – Шардара ауданы Достық ауылдық округі әкімі аппараты. Мердігер барлық жұмыстарды 10 186 829 теңгеге орындады. Бірақ мұнда да тапсырыс беруші шартты қазынашылық органдарында тіркеуді жүзеге асырмаған. Бұл жұмыс үшін төлем Тапсырыс берушінің кінәсінен төленбейтіндігін білдіреді.

Осы жағдайлардың барлығы кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңесінің кезекті отырысында қаралды. Кеңес мүшелерінің ойлары бір жерден шықты: мемлекеттік органдар мен мемлекеттік мекемелердің кәсіпкерлердің сенімін асыра пайдаланып, оларды жаңылыстырып, елеулі мүліктік зиян келтіргендігі айқын.

Кәсіпкерлер палатасы осы материалдарды Түркістан облысы және Шымкент қаласының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департаментіне тәртіптік сипаттағы шаралар қолдану үшін жібереді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер