«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Шенеуніктердің қателігінен кәсіпкерлер жерлерінен айырылуы мүмкін

2018 жылғы 03 Қазан
- Шымкент қаласы
10364 просмотров

Түркістан облысының шенеуніктері кәсіпкерлерге кедергі келтіруді жалғастыруда

Шымкентте Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің кезекті отырысында кереғар жағдай қайта қаралды: ғимараттар мен құрылыстар кәсіпкерге тиесілі ал олардың астындағы жер тиесілі емес.

Бұл жолы жеке кәсіпкер Дәурен Ержановтың шағымы қаралды. Ол 2011 жылы Ордабасы ауданы Бадам ауылында жер учаскесін жалға алып, оған мемлекеттік акт және жалдау шартын жасасқан. Жер учаскесіне теміржол тұйықтарын, 2 қабатты әкімшілік ғимарат және басқа да нысандар салған.  Осы уақытқа дейін кәсіпкер жер учаскесін құрылыс материалдарын және көмір түсіру базасы ретінде пайдаланды. Ол осы жылдар бойы үнемі жалдама ақысын уақтылы төлеп тұрған. Алайда, ағымдағы жылдың басында кәсіпкер өзінің жер учаскесінің басқа кәсіпкерге, облыстық мәслихаттың депутаты С. Әбжаловқа тиесілі екендігін біледі. Бүгінгі күнге дейін жылжымайтын мүлік объектілеріне меншік құқығы және жер телімін уақытша пайдалану құқығын ешкім күшін жоймағанына қарамастан, депутатқа жеке меншікке жер учаскесін Бадам ауылдық округінің әкімдігі беріпті.

Бұған қарама-қарсы оқиға басқа кәсіпкерлік субъектісімен – «Қарабура Мәдени Орталығы» ЖШС-мен болды. Серіктестікке заң бойынша тиесілі жер учаскесінде оған тиесілі емес нысандар салынған.

2007 жылы мемориалды мұражайдың құрылысы үшін серіктестікке Түркістан қаласында 0,1800 га жер телімі берілді. 10 жыл өткеннен кейін, 2018 жылдың басында серіктестік осы жер учаскесіне жоспарланған құрылысты бастауға шешім қабылдады. Бірақ жер учаскесіне келген кәсіпкер өз жерінде өнер мектебінің салынған көреді. Кейін белгілі болғандай, 2013 жылы Түркістан қаласы әкімінің қаулысымен жерді жергілікті атқарушы орган мемлекеттік қажеттіліктер үшін алынған екен. Бірақ ЖШС-ге бұл туралы тіпті хабарламаған, алынған жер үшін өтемақы да төленбеген.

Жер учаскесі қазіргі уақытта жылдар бойы жер салығын уақтылы төлеп келген «Қарабура Мәдени Орталығы» ЖШС-нде тіркеулі.

«Жер қалай бір кәсіпкерге ал осы жердің үстіне салынған ғимараттар басқа меншік иесіне тиесілі болуы мүмкін? Бұл шенеуніктердің қателігі ме, әлде билік тарапынан билікті қасақана теріс пайдалануы ма?» – деп кеңес мүшелері наразылық танытты.

Кеңес мүшелері бұл жағдайды нағыз шенеуніктік заңсыздық деп санап, қаралған өтініштерді Ұлттық сыбайлас жемқорлыққа қарсы бюросына жіберуге шешім қабылдады. Ал, ОҚО Кәсіпкерлер палатасы өз тарапынан кәсіпкерлерге толық заңды консультациялық көмек көрсетеді.

«Бірінші және екінші оқиға да жер қатынастары саласындағы туындайтын мәселелердің жүйелік сипатының жарқын мысалы болып табылады. Палатаға келіп түскен кәсіпкерлердің ең көп шағымы әлі күнге дейін жер қатынастары саласына қатысты. Олар барлық шағымдардың 25 пайызын құрайды», – деп атап өтті ОҚО Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Қайрат Акенов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер