«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

«Көкелерсіз» бизнес

2018 жылғы 15 Маусым
- Шымкент қаласы
13738 просмотров

Шымкенттің жас кәсіпкерлері өздерінің бизнесін «көкелерсіз» және ықпалды байланыстарсыз құрудың мүмкін еместігі туралы аңызды жоққа шығарды

Open mind   – ОҚО кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырған жастар бизнес-жобалары құрылтайында Шымкенттің жас кәсіпкерлері «Z ұрпағына»  қателіктерден қорықпай  жаңа білімдер алуға ұмтылу керектігін айтып кеңес берді.

Құрылтайдың негізгі мақсаты жастардың кәсіпкерлікке қызығушылығын ояту немесе кәсіпкерлердің өздері айтқандай «жастарды жігерлендіру».

Сахнаға шыққан жас кәсіпкерлер өз бизнесі туралы айтып, 300-ден астам «алтын жасөспірімдер» тар шеңберіне кірмейтін, миллионер болып туылмаған, бай туыстары жоқ, қажетті байланыстары жоқ жастарға кеңес берді.

Атап айтқанда, «Chaplin’s Group» негізін қалаушы 25 жасар Тохтар Әлімбеков несиесіз, ағаларсыз және ықпалды байланыстарсыз өз бизнесін қалай ашқаны туралы әңгімеледі.

«Бұлардың барлығынсыз жақсы идея бар болса бизнес құруға болады. Ол үшін ақша жинап, өз қаражатыңызбен даму керек», - деді ол өз бизнесін жиналған үш миллион теңгеден басталғандығын айтып.

Тоқтар - Шымкенттің тумасы. 4 жыл АҚШ-та өмір сүріп, кәсіпкерлік саласында тәжірибе жинақтаған. Отанына оралғаннан кейін өз ісін бастауға бел буды. Ол бүгінгі күні табысты жұмыс істейтін американдық стильдегі «Chaplin’s Group» ерлер шаштаразын іске қосты. Бір мезгілде  U:projects бірегей жобасын да іске асырды. Тоқтар өз сұрағына жауап беретін формуланы шығарады: қазіргі заманғы жастарға өздерінің туған қалаларында өмір сүріп, жұмыс істеп және өздерін жайлы сезінулері үшін нес істеу керек? Анықталғандай формула мынадай: мемлекеттік құрылымдармен, қайырымдылық, мәдениет, жақсарту, қауіпсіздік және ішкі туризммен ашық диалог құру қажет.

Әлемдегі ұқсастығы жоқ бірегей өнім- ақша табуға мүмкіндік беретін Pillikan мобильді қосымша негізін қалаушы Асылжан Жанановтың да жобасы өте қызықты болды. Сынап көргендер былай дейді: «Бұл жарнама әлемін өзгертетін керемет революциялық шешім, жарнаманы орналастыру мен басқару процесін жеңілдетеді. Ол тіпті бала да басқара алатындай қолдану өте оңай. «Pillikan» - бұл осы уақытқа дейінгі ойлап тапқандардың ең үздік алаңы!

Киім өндірушісі және Beren Apparel ұлттық бредін құрушы 23 жастағы Нұрсұлтан Сейсембаев Англияда - Уорик университетіне оқуға кеткенге дейін 15 жасына дейін ОҚО-да туылып, тұрған. Ол Қазақстанға оралып, Шымкенттің бұрынғы даңқын жеңіл өнеркәсіп саласына қайтару үшін және Қазақстан нарығынан шетелдік өндірушілердің сапасыз тауарларын шығару үшін киім шығарумен айналыса бастады.

27 жасар Аят Азимов Литвада LCC International University оқып, Шымкентке келіп республикалық «Salem» кофесі мен «Tea and Global Coffee» кофеханаларының желісін ашты, «Salem Company Kazakhstan» қазақстандық франчайзингтік бизнес идеясының авторы болды.

Санжар Алтыбаев Оңтүстік Қазақстанда алғашқы HITECH INC IT және digital-толық циклды, жарнамалық кампанияларды әзірлеу, енгізу және оңтайландыру қызметтерін ұсынатын компания құрды. Бүгін ол Yandex Direct, Google AdWords сертификатталған серіктесі болып табылады.

25 жастағы Рауан Омар Шымкентте KORIZZA ерекше кофеханалар желісін құрды.

Шыңғыс Алдияров Biletron – кез-келген іс-шараға билеттерді ең жаңа технологияларды қолдана отырып сатуға арналған онлайн жүйесін әзірледі.

«Идеялық, мақсатына жететін, шығармашылық, табысты – бұл барлық жігіттерге қолданылуы мүмкін тамаша эпитеттер», – деді ОҚО Кәсіпкерлер палатасының директоры Асқар Әбубәкіров өз сөзінде. –  Көп жастары бар Оңтүстік Қазақстан облысы және жақында миллион мәртебесін алған Шымкент бүгінгі күні Жастар кәсіпкерлігін дамытудың арнайы бағдарламаларына мәжбүр болуда».

Палатаның директоры атап өткендей, жас кәсіпкерлердің құрылтайы көпшіліктің, бизнес пен мемлекеттік орган,БАҚ өкілдерінің назарын жұмыс жасап жатқан кәсіпкерлер мен өз бизнесін ашуды жоспарлап жүрген жас кәсіпкерлерге, тиімді жобаларды анықтауға және оларды табысты іске асыру үшін қаражат пен ресурстарды тартуға мүмкіндік бермек. Жастар жобаларының құрылтайы жас кәсіпкерлерге өздері туралы мәлімдеме жасап, өз жобаларын көрсету үшін жақсы мүмкіндік.

Қателіктерден қорықпау – бұл туралы сахнада сөз сойлегендердің барлығы дерлік айтып өтті.

«Сен өзіңе сеніп, өз күшіңе сеніп, бар жаныңмен және үлкен ықыласпен іске кірісуің керек. Егер өзгелер аяқтан тартып жатса мән берме. Сондай-ақ, басыңды жаңа білімге ашып, адамдарға қандай қызмет көрсете алатындығыңды шеш. Егер сен өзіңе және өзіңнің дамуыңа сенсең, онда сен ешқандай ақшасыз және «көкелердің» көмегінсіз алға жүре аласың»,-деді спикерлер.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер