«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Өз салаңда көшбасшы бол!

2018 жылғы 01 Маусым
- Шымкент қаласы
4883 просмотров

Шымкентте «Алтын сапа» және «Қазақстанның үздік тауары» байқауларына қатысушылар үшін оқу семинары өтті

Бүгінгі күні Оңтүстік Қазақстан облысының 30-дан астам кәсіпорыны ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығына және «Қазақстанның үздік тауары» байқауына қатысуға ниет білдірді.

Республикалық байқауларды ұйымдастыру жөніндегі басқарушы директор Салтанат Әбдікәрімова байқауға қатысушыларға бағалау критерийлері, қатысу шарттары мен өзгерістер жайлы ақпарат берді. Биылғы жылы «Алтын сапа» байқауының ұйымдастырылуына айтарлықтай бірқатар өзгеріс енгізілді. «Алтын сапа» сыйлығының алғашқы жеңімпаздары 450 АЕК көлемінде сыйақы алады. Қалауынша ұтып алған қаражатты кәсіпкерлер халықаралық сапа байқауына соның ішінде жеңімпаздарға байланысты ТМД өндірушілерінің өнімдері мен қызметтері саласындағы жетістіктері үшін байқауға кеткен шығындарын өтей алады. 2018 жылдан бастап «Алтын сапа» байқауына ауыл шаруашылығы мен азық-түлік өндірісі саласында жаңа, төртінші аталым енгізілдді. Байқауда алғаш рет онлайн дауыс беру жүргізіледі.

Семинар барысында есептерді тіркеуге қойылатын талаптар, материалдарды байқау ережесіне сәйкес беру тәртібі түсіндірілді. Сондай-ақ, сараптама қорытындысын дайындау үшін сарапшылар топтары үшін тәжірибелік сабақтар өткізілді. Сонымен қатар, қатысушылар «Ұлттық және халықаралық сапа сыйлығы» тақырыбында лекциялар курсын тыңдады. Бұл ТМД-ның өнім және қызмет көрсету сапасы саласындағы сыйлығы».

«Сапа саласындағы байқау жеңімпаздарды көшбасшы бейнесін береді, жоғары сапалы бәсекеге қабілетті өнімдер мен қызметтердің сенімді өндірушінің беделін қамтамасыз етіп, жаңа серіктестер мен клиенттерді тартуға, қолданыстағы нарықтық үлесті сақтауға және арттыруға, пайда табудың өсуіне алып келеді және тиісінше, жаңа бизнес мүмкіндіктерін ашады. Сондықтан сіздің компанияңыздың ең үздік өндірілген өнімі сапалы әрі қауіпсіз екенін дәлелдеу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз!» – деді Салтанат Әбдікәрімова.

Оның айтуынша, Қазақстан – қызметтер мен өнім сапасы үшін тегін байқаулар өткізетін жалғыз ел. Бүкіл әлемде мұндай байқаулар ақылы, қатысушы компаниялардың айтарлықтай қаражаты есебінен жүргізіледі. Сондықтан, біздің тауарөндірушілеріміз үшін «Қазақстанның үздік тауары» мен «Алтын сапа» байқауларына қатыспаған кешірімсіз болмақ.

Іс-шара соңында семинарға қатысушылар сертификаттар алды.

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысының Жарлығымен 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын иелену байқауы мен «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауын «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ұайымдастырып келеді. «Алтын сапа» сыйлығы жыл сайын өнім сапасы және/немесе қызмет көрсету сапасын қамтамасыз ететін, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ ұйымның сапа менеджменті сапалы әдістерін енгізу үшін жетістіктері үшін марапатталады.

Қазақстан Республикасы Президентінің сапа саласындағы жетістіктері үшін марапаты – жылдың басты оқиғасы. Сыйлықты Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев жеңімпаздарға өзі ұсынады, бұл осы байқаудың ел үшін маңызды екендігін білдіреді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер