«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қазақстан мен Өзбекстанның бизнесі: бір мақсат - жаһандық нарықтарға бірлесе шығу

2018 жылғы 23 Мамыр
- Шымкент қаласы
10642 просмотров

Қазақстан-Өзбекстан бизнес-форумына екі елден 400-ден астам кәсіпкерлер қатысты

Форумға екі елдің елшілері Ерік Өтембаев пен Сайдикром Ниязоджаев, ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Қайырбек Өскенбаев, ОҚО әкімі Жансейіт Түймебаев, Өзбекстан Республикасының Сауда-өнеркәсіп палатасының төрағасы Адхам Икрамов және бизнесмендер қатысты.

Бүгінгі таңда Оңтүстік Қазақстан бизнесі өзбекстандық серіктестермен іскерлік қарым-қатынас орнатуға, өзбек нарықтарына өнімдерді ілгерілету мүмкіндігін, келісімшарт жасасуға, мамандарды тартуға және оң тәжірибемен танысуға мүмкіндік береді. Қазақстан мен Өзбекстан кәсіпкерлері бірлескен жобаларды, өнімдерді экспорттау мен импорттауды, инвестициялық ұсыныстарды, сондай-ақ үшінші елдерге кіру мақсатында ынтымақтастықты талқылады.

Форумда бүгінгі таңда өңірлік байланыстар белсенді дамып келе жатқандығы атап өтілді. Өзбек тарапы аймақтық ынтымақтастық форумын тұрақты негізде өткізу туралы Қазақстанның бастамасын қолдады. Бұл бағыттың басталуы Шымкен қаласында, яғни Қазақстанның Өзбекстанмен шекаралас өңірлерде өткізу бастама болып табылады. Бірнеше күн бұрын Шымкентте Оңтүстік Қазақстан мен Өзбекстанның тоқыма кәсіпорындарының көрмесі өткен болатын.

Облыс әкімі Ж.Түймебаев өз сөзінде Оңтүстік Қазақстан облысы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы сауда-экономикалық қатынастар қарқынды дамып келе жатқындығын айтып өтті. Өзбекстан Республикасы Нидерландыдан кейін Оңтүстік Қазақстан облысының негізгі сауда әріптестерінің бірі болып табылады.

Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымы артып келеді: 2017 жылдың қортындысы бойынша тауар айналымы 11,7 пайызға артып, өткен жылмен салыстырғанда 622,6 млн. АҚШ долларын құрап отыр (2016 жылы-532,7 млн АҚШ долларын құраған). 2018 жылдың соңғы 3 ай көрсеткіші бойынша ОҚО мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымы ақшалай сипатта 126,3% (2018 жылы –125,7 млн. АҚШ доллары, 2017 жылы – 99,5 млн.АҚШ доллары), табиғи сипатта өткен жылмен салыстырғанда 153,8%-ға ұлғайған. Сонымен қатар, ОҚО экспорт 143,6 % (73,1 млн.АҚШ долл.), ал импорт 108%-ға ұлғайған (52,5 млн. АҚШ.долл).

Оңтүстік Қазақстан облысының Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымындағы үлесі 31,3%-ды құрайды (Қазақстан Республикасы-Өзбекстан Республикасының тауар айналымы 1985,5 млн. АҚШ доллары).

ОҚО Кәсіпкерлер палатасының директоры Асқар Әбубәкіров өзінің сөзінде бірлестіктің жаңа деңгейіне, өзара тәуелділікті, өзара қолдауды және жалпы мүдделерді бірлесіп насихаттайтын екі бауырлас халықтар арасындағы іскерлік байланыстарды нығайтудың маңыздылығын атап өтті.

«Бүгінгі форумның басты идеяларының бірі біздің өнімдеріміздің ең ірі әлемдік нарықта, соның ішінде Қытай мен ЕЭО-да бірлесіп шығару және жылжыту болып табылады», – деді Асқар Әбубәкіров.

Спикер атап өткендей, елдердің бірегей географиялық және климаттық жағдайлары оларға осы салалардағы бәсекелестікті арттыруға және үнемі көлемін өндіруге мүмкіндік береді.

Бұл форум Қытай мен ЕЭО нарықтарын жаулауда екіжақты қарым-қатынастарды дамыту үшін жаңа идеялар генераторы болуға тиіс екендігі атап өтілді.

«Қазіргі заманғы әлемдік процесске толыққанды қатысуы үшін біз бірыңғай фронт ретінде әрекет етуіміз керек, тек қана ЕЭО пен қытайлық серіктестермен ғана емес, сонымен бірге жаһандық деңгейде де ынтымақтасуға тиіспіз. Біз Қазақстан мен Өзбекстан аймақтарының экономикалық әлеуетін ашып, инвесторларға қызығушылық танытатын агроөнеркәсіптік, тоқыма және машина жасау салаларының дамуын көрсетеміз», – деп атап өтті Асқар Әбубакиров.

Қазіргі уақытта ОҚО-да өзбек капиталымен инвестициялық жобалар іске асырылуда. Мысалы, өткен жылы Бадам индустриялық аймағында газ плиталарын өндіру бойынша цех ашылды. Бұдан басқа, Шымкенттегі индустриялық аймақта инвестиция көлемі 8,6 млн.АҚШ. доллар болатын битум зауыты салынып жатыр. Сондай-ақ бірқатар бірлескен жобалар әзірленуде.

ОҚО-да осындай жобаларды жүзеге асыру үшін жалпы ауданы 959 га қамтитын 11 индустриялық аймақ, сондай ақ  «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы, Көлік және логистика аймақтары бар .

Бұдан басқа, Оңтүстік Қазақстан облысында аграрлық секторда кластерлік пилоттық өндіріс құрудың барлық мүмкіндіктері бар. Оның жүзеге асырылуы ауылшаруашылық өнімдерін терең өңдеу үшін жаңа өндірістерді дамыту үшін маңызды қадам болып табылады, шекаралас мемлекеттерде жаңа тауарлық белестерді дамытуды бастайды және үшінші елдердің нарықтарына бірлескен жәрдемдесуді қамтамасыз етеді.

Шекаралық және жалпы өңіраралық қарым-қатынастарды дамыту Қазақстан мен Өзбекстанның ішкі және сыртқы саясатының маңызды міндеттерінің бірі болып табылатыны атап өтілді. Өңірлердің сыртқы байланыстарын белсенді дамыту республика субъектілерінің жағдайына, өмір сүру деңгейіне және халықты жұмыспен қамтуға, инвестициялық ахуалды, іскерлік белсенділіктеріне және т.б. айтарлықтай әсер етуі мүмкін.

Бизнес-форум барысында B2B форматында келіссөздер жүргізілді, сондай-ақ бірқатар салаларда іскерлік ынтымақтастықты дамыту үшін екіжақты құжаттарға қол қойылды. Келіссөзге қатысушылар бүгінгі форум тиімді және жемісті ынтымақтастықтың жалғасатынына сенім білдірді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер