«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Кәсіпкерлерге өрт қауіпсіздігі саласында жеңілдіктер қарастырылды

2018 жылғы 12 Ақпан
- Шымкент қаласы
3652 просмотров

ОҚО Кәсіпкерлер палатасында Кәсіпкерлік субьектілеріне қатысты өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау- қадағалау функцияларын төмендету туралы баспасөз- конференциясы болып өтті

 Еліміздің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және кәсіпкерлікке оңтайлы жағдайлар тудыру мақсатында өткізілген іс-шарада өңірлік кәсіпкерлер қатысты. Жиында жыл сайынғы тексерістер тек қауіп-қатері жоғары объектілерге ғана жүргізіліп, кішігірім сауда орындары мен әкімшілік ғимараттарға, қоғамдық тамақтану орындарына жыл сайынғы тексерістер мүлдем жүргізілмейтіндігі сөз етілді.

 «Облысымызда өрт қауіпсіздігі саласында және техникалық регламенттерден жүзге жуық өрт қауіпсіздігі талаптары алынып тасталынды. Сондай-ақ,  кәсіпкерлерге қатысты тексерістер өткен жылмен саластырғанда екі есеге, яғни 45 пайызға төмендетілген. Алдағы уақытта кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп жұмыс жасамақпыз»-деп атап өтті ОҚО Төтенше жағдайлар департаментінің өрт қауіпсіздігі саласында бақылау және профилактикалық қызмет басқармасының бастығы азаматтық қорғау полковнигі Бақытжан  Запаров.

Жиында көтерілген басты тақырыптардың бірі — жеке кәсіпкерлерге берілген реформалар. Енгізілген заңды жиналғандар тарқата айтып, әр тармаққа жеке-жеке тоқталып, әкімшілік кедергілер, мемлекеттік қызмет көрсетудің деңгейі айтылды. Жиналғандардың айтуларынша, қызметтің сапасы едәуір артқан.

Осылайша, ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті орган ретінде елімізде кәсіпкерлікке оңтайлы жағдайлар тудыруға бағытталған мемлекеттік саясатты жүзеге асыруда. Қос тарап, тексерісті азайтып, кәсіпкерлік саласының қарқын алуына жағдай жасамақ.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер