«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Шымкенттік кәсіпкер жанының жомарттығынан зардап шекті

2018 жылғы 05 Қаңтар
- Шымкент қаласы
4874 просмотров

Қарызға белшесінен батқан кәсіпкердің жағдайы қандай болмақ?

Шымкент қаласының «ҚР Ішкі Істер Министрлігінің Б.Момышұлы атындағы оқу орталығы»  биыл 40 жылдығын атап өтпек болып,  осы мектепте оқыған және жұмыс жасаған атақты түлектерді қонаққа шақыру жоспарланған болатын. Осы орайда ғимаратқа жөндеу жұмыстары жүргізілуі тиіс.

Оқу ғимаратын жөндеу жұмысын 2012 жылдың көктемінде «Өңдіріс Құрылыс ТехМонтаж» ЖШС компаниясы мемлекеттік сатып алулар конкурсан жеңіп, келісімге сәйкес өз уақытында басталып кеткен болатын. Компанияға оқу орталығын, спорт залдарын, жатақхана мен қойманы күрделі жөндеуден өткізу міндеті қойылды. Жалпы сомасы 697 559 000 теңгеге бағаланған үлкен жұмыс көлемі күтті. Төлем бірнеше жылдар бойы республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылуы тиіс еді. «Өндіріс Құрылыс ТехМонтаж» ЖШС және «ҚР ІІМ Б.Момышұлы атындағы оқу орталығы» Республикалық мемлекеттік мекеме арасында жыл сайын тиісті келісімдер жасалды. Жөндеу мен төлеу кестелері сақталып, екі тараптан да наразылықтар болған жоқ.

2014 жылдың қараша айында «ҚР ІІМ Б.Момышұлы атындағы оқу орталығы» Республикалық мемлекеттік мекеме тарапынан «ӨңдірісҚұрылыс ТехМонтаж» ЖШС-нің басшысына жыл соңына дейін оқу ғимаратының күрделі жөндеу жұмыстарын аяқтаутасырылып, бірақ кестеге сәйкес, бұл жұмыстар 2015 жылға жоспарланған, сәйкесінше қаржыландыру да  келесі жылда күтіліп отырды. Оқу мекемесі жөндеу жұмыстарын мерзімінен ерте аяқтау өтінішін ұзақ уақытқа созылған жөндеу жұмыстары оқу процесін ұйымдастыруда қосымша қиындықтар тудыратындығымен түсіндірді. 

Өтінішке кәсіпкер келісіп қана қоймай оқу орталығының директоры  полиция полковнигі Бегайдар Төлебаев  2015 жылдың бірінші онкүндігінде барлық қосымша жұмыс көлемін төлеуге уәде беріп, кепілдеме хат та жазып берді.

«Жөндеу жұмыстары кезінде сапалы құрылыс материалдары пайдаланылып, барлығы өте дәл және мұқият жасалған.  Тіпті, қаласаң да мін таба алмайсың!», – деді оқу мекемесінің қызметкері.

2014 жылдың соңында дәрісханалар, дәліздер, акт залы және кіреберісте орналасқан үлкен зал бойынша жұмыстар аяқталды. Оқу орталығының қызметкерлері мен басшылығы қуанышын жасырмай, атқарылған жұмысқа ризашылдығын білдірді.

«Мерейтойға дейін бірнеше ай қалғанда, мекеме директоры  маған тағы да сыртқы қабырғаларды, ғимараттың қасбетін және оңтайлы жөндеу жұмыстарын жүргізі туралы әңгіме қозғады. Әрине, қаражат 2015 жылдың жоспарында болды. Айтуынша, келесі жылы Ішкі істер министрлігі 200 миллион теңге бөлуге уәде беріп, бұл қаражат жөндеу жұмыстарының барлық тізбесін жабу үшін, сондай-ақ оқу ғимаратының шатырын өзгерту үшін жеткілікті. Ал мен күмәнданбас үшін, кепілдік хат беруге уәде берді. Мен қонақтардың алдында басты ғимараттың ұсқынсыз болғанын қаламай, адамгершілігіммен түсініп келісімімді бердім», - дейді «ӨндірісҚұрылысТехМонтаж» ЖШС директоры Руслан Өтешев.

Бас ғимараттың ішкі бөлігін аяқтаған «Өңдіріс Құрылыс ТехМонтаж» ЖШС мамандары сыртқы қабырғаларды керамикалық гранитпен қаптап, ғимараттың қасбетін бекітіп, төбені жөндеуге кірісті. 2015 жылдың 21 қаңтарында тапсырыс беруші мен мердігер арасында жалпы сомасы 200 000 000 теңге болатын №4 шарт жасалды. Келісім шартқа қол қою кезінде құрылыс компаниясы  шартта көрсетілген жұмыстардың көп бөлігін аяқтаған болатын. 2015 жылдың ақпан айының басында ҚР Ішкі істер министрлігінің оқу орталығының басшылығы жалпы сомасы 68 303 049 теңгеге аккредитация туралы куәлікке қол қоя отырып, осы жұмысты қабылдады.

Кәсіпкер сәуір айында алуға тиіс болған ақшасын ала алмады. Мекеменің басшылығы жылдың енді басталғандығын алға тартып, сол кездегі бюджеттік қаржыландыруға байланысты  қиындықтар болатындығын айтып ақталды. Осы уақытқа дейін құрылыс компаниясының мамандары мерейтойға дейін аяқтауға уәде еткендіктен, оқу ғимаратын жөндеу жұмыстары жалғаса берді.

ҚР ІІМ оқу орталығы мерейтойы өтіп, уәде етілген ақша әлі де берілмеді. Оқу орталығының директоры Бегайдар Тойлыбаев Қазынашылық органдарында 200 миллион теңге бойынша жұмыстарды орындау үшін мемлекеттік сатып алу туралы келісім шартты тіркемегендіктен ешқандай да төлем жайында сөз де болуы мүмкін емес екендігін уақыт өте анықталды.

«2015 жылдың ақпан айының ортасында республикалық бюджетті нақтылау кезінде республикалық бюджеттік комиссияның хаттамалық шешімі оқу орталығының ғимаратын күрделі жөндеуге жұмсалған 200 млн. теңге қысқартылды. Бастапқыда жұмыстарды қаржыландыру наурызда жоспарланғандықтан, директор 21 қаңтардағы № 4 шартты тіркеуді қазынаға қол қойғаннан кейін емес, тек сол кезде ғана тіркей алатын еді. Республикалық бюджет комиссиясы «ҚР ІІМ Б.Момышұлы атындағы  оқу орталығы» РММ күрделі жөндеу жұмыстарын қаржыландыруды бюджеттік өтінімінен алып тастаған соң, қазынашылық келісім шартты тіркеу мүмкін болмады», - деп түсіндіреді «ҚР ІІМ Б. Момышұлы атындағы оқу орталығы» Республикалық мемлекеттік мекеменің бас есепшісі Динара Түлеметова.

Руслан Өтешев оқу орталығының басшылығы өз уәделерімен ұзақ уақыт бойы адастырып, оқу орталығының күрделі жөндеу жұмыстарын қаржыландыру қысқарғанын біле тұра нақты ақпарат бермей, арнайы жасырын ұстады деп санайды. Сонымен қатар, құрылыс компаниясының басшысы жағдай анықталған соң да оқу орталығы басшылығының қаржыландыру мәселесін шешеміз деген уәдесіне сеніп, ұзақ уақыт бойы сотқа арыз бермеген.

«Көз алдымызда шенеуніктердің дұрыс емес іс-әрекеттері салдарынан кәсіп үлкен шығынға ұшырап, банкротқа түскендігінің үлкен бір мысалын көріп отырсыздар», - деді ОҚО Кәсіпкерлер палатасының директорының орынбасары Қайрат Акенов.

Руслан Өтешев Кәсіпкерлер палатасына сотта қолдау таппаған соң ғана көмек сұрап жүгінеді. Кәсіпкер әділдікке қол жеткізу үшін жалпы 2 жыл аралығында 2 сотқа шағымданды. Бірінші рет сотта талап-арызы 2015 жылдың 21 қаңтарында мемлекеттік сатып алу туралы шартты мемлекеттік қазынаға тіркеуге және жауапкердің берешек соманы қайтарылу шешімі бекітілді. Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сот 2015 жылғы 20 қарашадағы шешімімен «ӨнердісҚұрылысТехМонтаж» ЖШС міндеттемесін толығымен қанағаттандырып,  «ҚР ІІМ Б.Момышұлы атындағы оқу орталығын» РММ жөндеу және құрылыс жұмыстарын жүргізілгендігі туралы келісім шартты қазынашылық органдарда тіркеп,  мекемеден 68 млн. 304 мың теңге көлемінде қарызды қайтарылсын деген шешім шығарылды.

Оқу орталығының басшылығы шешіммен келіспей, апелляцияға берді. Бұл іс әрекетті жоғарыда айтып өткендей, жауап берушінің өкілі сот ғимаратында құрылыс компаниясының жұмысының сапасын мойындап уақытында бітіргенін айтқанына қарасақ, күмәнді көрінеді.

ОҚО Азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық соттың 2016 жылғы 14 қаңтардағы шешімі бойынша бұл шешім жойылып, қарыздарды өтеу туралы талап қанағаттанбаған. Коллегия оқу орталығының басшылығының келісімшартты қазынашылыққа тіркеуден бас тартуы жазбаша түрде жасалуы керек деп санайды.

ҚР Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі соттық коллегиясы ОҚО сотының азаматтық және әкімшілік істерінде аппелляциялық соттың коллегия ұстанымдарын қолдады. Кәсіпкерге тағы да сотқа шағымданудан басқа шара болмады. Бұл жолы оқу орталығының  кәсіпкердің қалтасынан негізсіз байытылды деп арызданды.

ОҚО мамандандырылған аймақаралық экономикалық соты, ҚРАзаматтық кодексіне сәйкес, сатып алушыны әділетсіз байыту болып табылатын мүлікті жәбірленушіге қайтаруға тиіс екенін мойындады.

ОҚО мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешіміне ОҚО сотының азаматтық және әкімшілік істер бойынша апелляциялық сот коллегиясы да қолдау көрсетті. Ол сотқа хабарландыру жарияланғаннан кейін дереу заңды күшіне енді. Осылайша, орындаған жұмысы үшін қандай да бір жолмен ақы алуға тырысқан Руслан Өтешев үшін енді барлық жол жабылғандай. Еңсесі түскен кәсіпкер көмек сұрап Кәсіпкерлер палатасына жүгінді.

Соңғы 3 жылда «ӨндірісҚұрылысТехМонтаж» ЖШС қызметкерлер құрамында 32 адам жұмыс істейтін үлкен компания болатын. Ал, қазір  компания қарызға белшесінен батып, тығырықтан шығатын жол таппай, жұмысын тоқтатты. Компанияның 4 миллион теңгеден аса салық пен бюджетке міндетті төлемдер бойынша берешегі бар. Бұл сома 2014 жылдан бері тіркелген. Тағы 800 мың теңге жұмыс беруші басқа жұмысқа тұруға мәжбүр болып, бұрынғы қызметкерлеріне жалақы ретінде төледі. Руслан Өтешов өзі секілді ІІМ директоры Бегайдар Тойлыбаевтың кепіл хатына сеніп қалған, құрылыс материалдарын жіберіп, бас ғимараттың жөндеу жұмыстары кезінде жұмыстың бір бөлігін орындаған мердігерлерге 24 млн теңге қарыз. Олардың көпшілігі қазір сотқа талап-арыз беріп, осылайша өздерінің бұрынғы әріптесінен қарыздарын қайтаруға тырысуда. Алайда олар әріптесінің қазір осындай қайғылы жағдайға өз еркімен түспегенін біліп іштей қымсынады.

Кәсіпкерлер палатасында да «ӨндірісҚұрылысТехМонтаж» ЖШС атқарылған жұмыстарының ақысын ала алмай жағдайдың тұтқыны болғанын  көріп отыр. Кәсіпкерлер палатасының басшылығы облыстық және Бас прокуратураға адал кәсіпкерге жан-жақты заңгерлік көмек көрсетуді және оның атқарған жұмыстары үшін қаражат алуды сұрады.

Қарыздың кем дегенде бір бөлігін төлеу үшін Руслан Өтешев пәтерін, жеке автокөлігін және компания балансында тұрған барлық құрылыс техникасын сатты. Қазір кәсіпкердің қарыздарын өтейтін дүние мүлкі де қалмады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер