«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

ОҚО Кәсіпкерлер палатасы Шымкент қаласының Интерактивті картасымен таныстырды

2017 жылғы 23 Желтоқсан
- Шымкент қаласы
27927 просмотров

Енді әрбір адам қаладағы кез-келген жер участігі туралы ақпаратты shymkent.genplan.kz сілтемесі арқылы біле алатын болады.

Карта Шымкент қаласының әкімдігінің интернет-ресурсында ашық түрде қол жетімді.

Онда қаланың қолданыстағы ғимараты туралы, яғни, аудандардың әкімшілік шекаралары, мекен-жайлар, ғимараттар мен құрылыстар, көлік жолдары, қызыл сызықтар және басқа құрылыс нормалары секілді картографиялық мәліметтер ұсынылған. Пайдаланушыларға ыңғайлы интерфейс тұрғын, қоғамдық-іскерлік, өнеркәсіптік, санитарлық-қорғау, инженерлік  және көліктік инфрақұрылымдардың аймақтарын, ауыл шаруашылықты пайдалану және т.б. аймақтарға бөлінген қажетті нысандарды жылдам іздеуге мүмкүндік береді.

Бұдан басқа, картада кадастрлық жер телімдері мен қала құрылысы жоспарлары көрсетілген, бұл сондай-ақ инвестициялық жобаларды іске асырудың мүмкіндігін бағалауға көмек береді. Ол ең алдымен құрылысшылар үшін де пайдалы, себебі олар жер учаскелерін таңдау актілерінде берілген жердің қолданыстағы шекаралары туралы және оны игеру үшін берілетін ақпаратқа ашық қол жеткізе алады.

Палата қызметкерлері бұл картаның тек кәсіпкерлерге ғана емес, сонымен қатар, бүкіл қала тұрғындарына қала құрылысы жоспарын анық жасауға көмектесетініне сенімді.

«Мұндай деректер базасының пайда болуын кәсіпкерлер талап етті», - деді ОҚО Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Қайрат Акенов. - Палата  Бас жоспардың және өңірдің елді мекендерінің толық жобалық жоспарлары туралы ақпараттың қол жетімсіздігі туралы мәселені 2016 жылдың ақпан айынан бастап, кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі кеңесте және облыстық прокуратурада қозғаған болатын. Содан соң, бұл мәселені кәсіпкер Болат Палымбетов облыс әкімімен кездесуінде көтерді. Облыс прокуратурасымен ОҚО әкімдігінің жергілікті атқарушы органдардың интернет-ресурсында орналастырылған ашық деректерді анықтау туралы қаулысына прокурорлық әрекет жасау актісі енгізілді. Бүгінде карта онлайн режимінде қол жетімді және ол бизнес жүргізуді айтарлықтай жеңілдетеді».

ОҚО Кәсіпкерлер палатасының бастамасымен Шымкент қаласының әкімдігі интерактивті карта жасау үшін 28 млн теңге бөлінді.

«Әлбетте карта жақсаратылып отырады. Мұнда берілген рұқсаттар туралы, аумақтық аймақтар туралы ауқымды мәліметтер болады. Осы жұмыстарды аяқтағаннан кейін, менің ойымша, интерактивті карта бұдан да жақсарып, ауқымды болады », - дейді Шымкент қаласының бас сәулетшісі Нұрлан Архабаев.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер