«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

«Кәсіпкерлік негіздері» пәнін оқыту басталды

2017 жылғы 20 Желтоқсан
- Шымкент қаласы
7220 просмотров

Кәсіпкерліктің қыр-сырын үйрету Шымкенттен тастау алды

Шымкент қаласынның Тұрар Рысқұлов атындағы №25 мектеп-гимназиясында «Кәсіпкерлік пен бизнес негіздері» атты жаңа пәннің алғашқы сабағы өтті. Факультативті пән қазақ және орыс тілдерінде 10 және 11 сынып оқушыларына аптасына екі рет өткізіледі.

Сабақ барысында оқушылар бизнеске байланысты сұрақтар қойып, қызығушылықтарын танытты. Кәсібінде жетістікке жеткен кәсіпкерлер туралы мысалдар келтіріліп,  кездесетін кедергілер туралы да сөз қозғалды.

«Бұл сабақта мен өзімді қызықтырған барлық сұрақтарға жауап алдым, әлі де үйренерім көп. Оқулықта бизнес бастаудың түрлері мен мысалдары көрсетілген, ал мен дайын фирманы сатып алу жолын таңдап, алдыма мақсат қойдым»,-дейді №25 мектеп-гимназияның 10 «ә» сынып оқушысы Аяулым Тілеуова.

Жаңа пән көбіне ойын форматында өтеді. Оқушылар екі жылдың ішінде бизнес пен кәсіпкерлік туралы мәліметтер алатын болады. Жаңа пәнді гуманитарлық  және экономикалық білімі бар мұғалімдер  жүргізе алады.

«Бағдарламаның 40%-ы теориядан, 15%-ы нақты жағдайлардан  және 45%-ы ойын түріндегі практикалық тапсырмалардан тұрады. Неліктен ойын? Себебі кәсіпкерлік бұл тарих немесе математика емес. Кәсіпкерлік - бұл әрекет және тәжірибе арқылы үйреніп, түсіну ең дұрыс тәсіл», - деді ОҚО  Кәсіпкерлер палатасының Адами капиталды дамыту бөлімінің басшысы Берік Кенжебаев.

Айта кетелік, курстық оқулықтарды  ҚР Білім және ғылым министрлігі  «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп әзірледі. Оқулықты жазылуына кәсіпкерлер, әдіскерлер, психолог мамандар,  оқулықты жазу ережелеріне сәйкес оқушыларды қабылдау форматына сәйкес  материалдар енгізген ұзтаздар да атсалысты. Келесі жылы ол елдегі барлық мектептерде элективті негізде, яғни, оқушының  қалауы бойынша оқытылатын болады. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер