«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Сайрам ауданында 121 жоба қаржыландырылды

2017 жылғы 07 Желтоқсан
- Шымкент қаласы
4202 просмотров

ОҚО Кәсіпкерлер Палатасының Сайрам аудандық филиалында биылғы жылы 121 жоба сүйемелденді. Қарастырылған жобалардың барлығы толықтай қаржыландырылды

Сайрам ауданының 17 шаруа қожалықтары жылыжай кешеніне субсидия алу үшін Сайрам аудандық кәсіпкерлер Палатасына жүгінген болатын. Палата сарапшылары жобаларды қолға алып, қажетті құжаттарды әзірлеп, нәтижесінде жалпы құны 23 565 500 тг құрайтын субсидияға қол жеткізілді.

Сайрам аудандық Кәсіпкерлер Палатасымен қаралған тағы бір жобалардың бірі – жылына 200 тонна қозықұйрық (шампиньон) өсірумен айналысатан «Agro Greens» ЖШС.

«Бұл серіктестік 2016 жылдың басында өз қаражатына жылыжай құрылысын 500 млн теңгеге бастаған болатын. Қаржы айналымын толықтыру үшін (шикізіт,торф,сабан т.б..) алу мақсатында Сайрам аудандық Кәсіпкерлер Палатсына жүгінді. Біз, яғни, Палата эксперттері «Agro Greens» ЖШС жобасын сүйемелдеуімен, қажетті құжаттарды дайындауымен, «ОҢТҮСТІК» АИО» ЖШС-мен бірлесіп, нәтижесінде қажетті қаражатқа, яғни 30 млн тг құрайтын несиеге қол жеткізілді», - деп атап өтті Сайрам аудандық Кәсіпкерлер Палатасының жобаларды сүйемелдеу бөлімінің эксперті Қайрат Асылболатов.

Кәсіпорынның салатанатты ашылуы да жақын арада болып өтті. Саңырауқұлақтар өсіретін оңтүстіктегі алғашқы ірі кәсіпорындардың бірі болып табылатын «Agro Greens» ЖШС-гі қазіргі таңда өз өнімдерін Қарағанды,Алматы,Шымкент қалаларында саудаланып жатыр. Голландиялық сапалы құрал-жабдықтармен орнатылған, бұл серіктестіктің алдағы жоспарлары қант диабеті ауруларына қарсы дәрі-дәрмектер жасау және өз өнімін Қытай халық республикасына экспортқа шығару.

Айта кететін жағдай, Сайрам аудандық кәсіпкерлер Палатасымен 2016 жылы, жалпы құны 805 млн тг құрайтын 102 жоба қаралса, ал 2017 жылы 19 жобаға артып, құны 1 043 705 500 тг құрайтын 121 жоба қарастырылып, қаржыланды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер