«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қазақстандық кәсіпкердің шетелдегі мүмкіндіктері

2017 жылғы 13 Қыркүйек
5062 просмотров

«Іскерлік байлнаыстар» құралының қатысушылары жобаны жетілдіру бойынша талқылау өткізді

12 қыркүйек күні «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Төлеміс Шотановтың «Іскерлік байланыстар» құралының қатысушыларымен кездесуі өтті. Шараға Қазақ-Британ корпаративтік оқыту орталығының жетекшісі Ксения Филимонова, кәсіпкерлікті дамыту Департаментінің басқарма төрағасы Динара Таженова сынды мүдделі тұлғалар қатысты.

Төлеміс Шотанов кездесу барысында «Іскерлік байланыстарға» қатысудың шарттарына тоқталып кетті.

«Кәсіпорын шағын және орта санатына тиесілі болуы, кәсіпорынның ағымдағы қызметі экономиканың басым секторларының тізбегіне сай болуы, қатысушының лауазымы кәсіпорын басшысының орынбасарынан кем болмау шарт», – деді «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары.

Кездесу барысында қатысушылар «Іскерлік байланыстар» құралын жетілдіру жолдарын талқылады. Іс-шара кәсіпкерлердің жоба бойынша өз ойлары мен жүзеге асыру жолдарын еркін жеткізе алатын еркін форматта өтті.

Оқыту бағдарламасы Астанада 4-22 қыркүйек аралығында өтеді.

Халықаралық және шетелдік ұйымдар көмегімен шетелдік серіктестермен байланыс орнату арқылы жоба шеңберінде өз жұмысын экономиканың басым секторларында жүзеге асыратын шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау мақсатын көздеген құрал болып табылады.

Айта кетелік, "Бизнестің жол картасы 2020" (бұдан әрі – Бағдарлама) Бірыңғай бағдарламасының төртінші бағытын іске асыру шеңберінде қолдау мен дамытудың Қазақстан Республикасы Үкіметінің 31 наурыз 2015 ж. №168  қаулысымен бекітілген "Даму" қоры 2011-2015жж. "Іскерлік байланыс" құралын жүзеге асырды. Аталған Қаулыға сәйкес 2016 ж. бастап құралдың операторы болып Ұлттық кәсіпкерлер палатасы табылады. Бағдарламаны жүзеге асыруғажауапты уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі.

         Төлеміс Шотанов қатысушыларды жобаны жетілдіруде кері байланыстың маңыздылығын атап өтті.

«Біз тез арада бәрі өзгеретін заманда өмір сүріп жатырмыз. Мүмкін болашақ басқа құндылықтарға негізделетін шығар. Бағдарламаның көп құрауыштары бойынша жұмыс жүргізу өте қиын. Сондықтан бізге сіздердің тараптан кері байланыс керек. Мәселен, заңдарды ол заңдармен ешқақашан өмір сүрмеген адамдар жасайды. Енді бизнеске қатысты заңдардың барлығы Палатадан өтеді. Кәсіпкер үндемей жатса барлығы жақсы деп ойлайды сондықтан мәселелерді ортаға салу керек, айту керек», – деді спикер.  

Төлеміс Шотановтың айтуынша экономикамыздың болашағы шағын және орта бизнестің дамуына байланысты. Нарық үлкен. Бәсекеге қабілетті болу өте қиын. Ауыл шаруашылығына жеңілдіктер керек. Сонымен қатар спикер, кәсіпке маышығы бар азаматтарды ерекше атап өтті.

«Көп кәсіпкерлер мемлекеттен бір тиын көмек алмай кәсіпкерлікті жақсы табысты дөңгелетіп жүр. Біз азаматтарымзды шетелге жіберуге неге әуеспіз? Неге жалтақтаймыз? Шетелдің тиімді тұстарын көріп, соны бізде енгізу керек. Біздің нарыққа клиентке бағытталған бизнес керек. Еркін нарықта жұмыс істесеңіз жемқорлыққа жол болмайды. Иә, әрине, шетелде әлеуметтік жағы жақсы дамыған, барлығы жолға қойылған, бір шектеулі арнаға түсесіз де жүре бересіз. Ал Қазақстанда үлкен мүмкіндіктер бар, барлығын ұйымдастыруға болады, кез келген идеяны жүзеге асыруға құруға жасауға үлкен мүмкіндік бар. Кәсіпкерге баланысты», – деді спикер.

 Шара барысында кәсіпкерлер сұрақтарына толымды жауап алды. Тегін оқу оқып, жобаны қорғап, шетелде білім алу мүмкіндігі кәсіпкерлер үшін тиімді мүмкіндік.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер