«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Ұлттық кәсіпкерлер палатасында бағалау қызметінің өзін-өзі реттеуін енгізу мәселелері қаралды

2017 жылғы 10 Ақпан
8053 просмотров

Ұлттық кәсіпкерлер палатасында бағалау қызметінің өзін-өзі реттеуін енгізу мәселелері қаралды

2017 жылдың 31 қаңтарынан 2 ақпаны аралығында Ұлттық кәсіпкерлер палатасында бағалау қызметінің өзін-өзі реттеуін енгізу мәселелерінде реттеушілік ықпал етудің баламалы сараптауы бойынша интернет желісі арқылы міндетті мүшелікке негізделген қоғамдық талқылау өтті.

Қатысушылар бағалау қызметінің өзін-өзі реттеу саны, қоған қойылатын біліктілік талаптары мәселелерін, сондай-ақ мүліктік жауапкершілік түрлерін талқылады. Сонымен қатар, бағалау қызметінің өзін-өзі реттеуі реттеушілік қызметінің қағидасы мен нормалары және оның өкілетті органдармен өзара қатынасы талқыға салынды.      

Қатысушылардың талқылауы нәтижесінде бағалау қызметінің өзін-өзі реттеуінің 200-300 жеке тұлғаларды біріктіретін көптігі қолдау тапты.   

Қоғамдық талқылаудың хаттамасымен таныса аласыздар.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер