«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Нұркент қаласының бас жоспары таныстырылды

2017 жылғы 19 Қаңтар
14702 просмотров

Қазақстанның логистикалық қуаты артпақ.

«Атамекен» алаңында ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Юлия Якупбаеваның басшылығымен өткен жиында «Нұркент» атты моноқаланың бас жоспары таныстырылды.   

Алматы облысының Панфилов ауданы, Жаркент пен Қорғастың арасындағы моноқала Ұлы Жібек Жолының күре тамырында бой көтеретін болады. Орта Азияда үлкен логистикалық кешені бар қала көнеде әлемнің ірі сауда торабын жандандырмақ. Жүк тасымалы, сауда-саттық хабы шығыстағы Қытай мен батыстағы Еуропа ұсынған мүмкіндіктерді кеңінен пайдалануға жола ашады.  

Аталмыш басқосуда Нұркент қаласының бас жоблаушылары ретінде Алматы  обласы әкімдігі, Қазақстанның қала құрылысы одағы мүшелері жобаның құрылыс алаңы мен түрлі деңгейдегі қала макеті таныстырылды. Қаланың бүкіл қуатын паш еткен макет орасандығымен таң қалдырды. 

«Алматы облысы әкімдігі назарларыңызға жаңа қаланың, яғни Жаркент пен Қорғас агломерациясын дамытуға бағытталған  кешенді жобасын ұсынып отыр.  Бүгінгі таңда жаңа қаланың бас жоспары әзірленді. Бізге қаланы дамыту бойынша үш нұсқа ұсынылды, оның ішінен сарапшылармен ең ұтымдысы таңдалды. Жаңа қаланың шығыс бөлігі Пиджин елді мекенімен ұштасады, қалған аумақта ешқандай құрылыс жұмыстары жасалмаған бос жер. Жоба бойынша қала халқын бірінші кезеңде (2022 жылға дейін) 50 мыңға, екінші кезеңде (2035 жылға дейін) 75 мыңға, соңғы кезеңде (2050 жылға дейін)  105 мың адамға көбейту жоспарланған. Қаланың бас жоспары бойынша кезең кезең бойынша тексерілді, тасымалдар жолдары ҚТЖ басшылығымен бірлесіп талқыланып, әкімдіктермен, Панфилов ауданы тұрғындарымен кездесу, қоғамдық тыңдалымдар өткізілген болатын», – деп атап өтті Алматы облыстық сәулет және қалақұрылыс басқармасының басшысы Дәркен Нұржанов.

Қала жобаның басы қасында жүріп, бас планды әзірлеуге атсалықсан Қазақстанның қала құрылысы одағының президенті Любовь Нысанбаева жұмыстың ауқымыдылығы мен жоспарлануы туралы айтып берді: «Бүгінгі таңда бас план дайын, ары қарай кідіруді күтпейтін өте ауқымды жұмыс тұр. Жаңа қала бой көтеретін Алматы облысының Панфилов ауданы қуаты мен әлеуеті жақсы. Территорияның жартысы Жетісу Алатауымен шектелсе, бір шеті Іле өзенің бойымен ұштасады, ұсақ көлдер көп. Топырақ құнарлығы құмды келеді. Бір сөзбен айтқанда адам өміріне қажетті тұщы су, қолайлы климат, таза ауа барлығы бар. Нұркент, Батыс Қытай, Батыс Еуропамен байланысы орныққан көліктік мультимадальды дәліз, темір жол желісі, бар логистикалық ірі орталық болмақ. Жобалаушылармен шағын және орта бизнеске қолайлы зоналар қарастырылған. Қала құрылысының жалпы аумағы 6 мың 800 гектар жерді қамтиды. Нұркент қала көшелері орташа қабатты үйлермен көмкеріледі. Шығыс халқына тән, ұлттық ерекшелігімізді көрсетін шығыс базары құрылысын да ұмытпадық. Адам өміріне қажетті инфрақұрылым толығымен ескерілетін болады. Мәселен қала бойынша 11 балабақша салынады. Негізінен экологиялық тазалықты сақтау үшін қала көшелері мен даңғылдары жаяу жүргіншілерге негізделетін болады. Биылдан бастап аумақтың 11 гектарына құрылысы жұмыстары жүргізіледі. Бастапқыда 36 мың жұмыс орны ашылады деп күтілуде, екінші кезеңде – 52 мың, үшінші кезеңде – 68 мың жұмыс орны».

Жаңа ірі жобаға отандық және шетелдік құрылыс компаниялары қызығушылық танытып отыр. Құрылыс көлемі кең, ұзақ мерзімді қамтитын жұмыс орындар түрлі саладағы мамандарға жаңа мүмкіндіктер ашып отырғаны даусыз.

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы тарапынан жобаның мүмкін болатын тәуекелдерін атап өтіп, ұйымдастырушыларды ірі мәселелерге алып келетін ұсақ түйіткілдерге назар аударуға шақырды.

«Ешқандай өндірісі жоқ, тұрғылықты халқы аз аймаққа үлкен қаржыны талап ететін қала салу жауапты іс, тәуекелдер көп. Біріншіден, құрылысшылар тапшылығы өз алдына. Шекараның арғы жағында арзан жұмыс күші бар, нарық болған соң өзіміздің азаматарымыздың жұмыспен қамтылуын қадағалау керек. Екіншіден, ешқандай өндірістік қуаты жоқ аймаққа кімнің тұрғысы келеді? Құрылыс жұмыстары аяқталғанда жұмыс орындары азаяды. Бұл қаланың «өлі қала» атануы немесе қытайлық азаматтарға арналған қала болып қалуы мүмкін. Үлкен қаржы жұмсалған жоба өзіміздің обалымыз болып жүрмесе екен. Алматы облысы әкімдігін жер құнарлығы мен тығыздығын жақсы білу үшін  кешенді топонимикалық және геологиялық сараптама жасау қажет», – деді Өңдеу өнеркәсібі департаменті басшысының орынбасары Хәкім Сабыров.

«Жаңа қаланың бас жобасы өзінің орасынадығымен көңіл қуантып отыр. Құрылыс объектілерінде мыңдаған  жұмыс орны ашылады, кәсіпкерлер бизнесін жүргізеді,мүдделер қорғалып, жағдай жасалу керек. Құрылыстың барлық деңгейі сәтті басталып, межелеген уақытта шаҺар бой көтеріп, халықтың кәдесіне асу үшін барлық сұрақтарды жан-жақты қараған жөн. Осыған дейін қала жоспары бойынша Ұлттық кәсіпкерлер палатасы өз ескертеплерін жасаған болатын. Ендігі мақсат қаланың динамикалық өсуін қамтамасыз ету үшін жеңілдіктер, қаржы көздері мен өндіріс алаңдарын ойластыруымз керек. Осы сұрақтар бойынша «Атамекен» ҰКП өз тарапынан өз ұсынымдардын бекітіп, жолдайтын болады», – деп қорытындылады ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева

Әлия Кемелбекова


Еншілес ұйымдар

Серіктестер