«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Мемлекеттік қызметтерді бәсекелестік ортаға беру жайында

2016 жылғы 23 Желтоқсан
12091 просмотров

Назарларыңызға Ұлттық кәсіпкерлер палатасының мемлекеттік қызметтерді бәсекеге қабілетті ортаға беру бойынша атқарған жұмыстарының есебін ұсынамыз

Мемлекеттік органдар мен өзін-өзі реттейтін ұйымдар қызметін бәсекеге қабілетті ортаға беру жұмыстары бірнеше қадамдардан тұрады. Бірінші қадам – жыл сайын мемлекеттік органдар өз қызметтерін жүйелеп, сарапшы топ ұсыналатын қызметтердің тізімін жасайды.  Айта кетерлігі, аталған тізім ҚР Ұлттық экономика министрлігі мен «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы сайтында қоғамдық талқылау әрі бәсекеге қабілетті ортаны іздеу мақсатында жарияланады. Одан кейін, нарықтың дайындық деңгейі мен үзіліссіз ықпалдастық көрсеткішіне сараптама жасалады. Бәсекеге қабілетті орта мен үкіметтік емес сектор арасындаға өзара тиімді байланыс орнатуда негізгі рөлді ҰКП мен Қазақстанның Азаматтық альянсы атқарады.  Осылайша, үшінші қадам аясында, тізімдеу және нарықтың даярлығын талдау негізінде, Комиссия Үкіметке шешім қабылдау үшін бірқатар ұсыныстар әзірлейді. Ал,  соңғы кезеңде, Үкімет іріктеп алған ұсыныстар аясында мемлекеттік органдар өздерінің кейбір қызметтерін нарық ортасына ұсынуға кіріседі.

Биылғы жылдың маусым айында мемлекеттік органдар қызметтерді бәсекеге қабілетті ортаға және өзін-өзі реттейтін ұйымдарға  (ӨРҰ) беру мақсатында бірқатар түгендеу жұмыстарын жүргізді.

Нәтижесінде, орталық және жергілікті мемлекеттік органдарда 15 мыңға жуық қызмет бекітілгендігі анықталды. (министрліктерде 4 616 қызмет, әкімдіктерде шамамен 700 қызмет). Нәтижесінде, бәсекеге қабілетті орта және ӨРҰ-ға 448 қызметті (олардың 217-і орталық атқарушы органдардың, 231-і әкімдіктің қызметі) беру туралы ұсыныс тасталды.

Осылайша, нарықтың даярлығына және жекеменшік кәсіпкерік субъектілері мен азаматтық қоғам бастамаларына байланысты, қызметтер 2 топқа жіктелді. Бірінші топқа 2016-2017 жылдары беріледі деп жоспарланған 38 қызмет енген. Бұл ретте, коммерциялық емес ұйымдарға мүше болу талабы міндетті түрде орындалған салалардағы өзін-өзі реттеу қызметтері (бағалау  және аудит қызметі, экологиялық аудиторлар қызметі, нотариат, адвокатура), өзге әдіс бойынша (мемлекеттік тапсырыс, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, аутсорсинг және т.б.) – қызметтерді беру жұмыстары аяқталып қалған салалар қамтылған-ды. Екінші топқа 2017-2019 жылдары беруге жоспарланып отырған 102 қызмет түрі енген: мемлекеттік органдар мен бәсекеге қабілетті орта қызметтері бір-біріне сәйкес келетін салалар қызметін өзін-өзі реттейтін ұйымдарға (денсаулық сақтау саласы, гелогиялық ұйымдар және т.б.) беру; өзге тәсілдермен (мемлекеттік тапсырыс, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, аутсорсинг) қызметтерді беру ісі бүгінгі күні басталып кеткен. Аталған тізім Ұлттық экономика министрлігінің сайты мен Ұлттық кәсіпкерлер палатасы сайтында жарияланған.

Ұлттық палата мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, бірінші топ қызметтерін бәсекеге қабілетті ортаға (оның ішінде ҰКП да бар) және ӨРҰ-ға беру ұсынысына сараптама жасады. Бұл ретте, Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Индустрия және даму министрлігінің АӨК субъектілеріне субсидия беру; туристік нарық пен отандық тауар өндірушілерге қолдау көрсетуге қатысты Қаржы министрлігі, Әділет министрлігі мен Ұлттық экономика министрлігінің, коммерциялық емес ұйымдарға міндетті түрде мүше болу талабы орындалған салаларда, реттегіш әсерді талдауға жататын қызметтерді өзін-өзі басқару ісіне беру, сондай-ақ, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің азаматтардың көрсетілетін медициналық қызметтер сапасы мен деңгейіне баға беру көрсеткіштерін анықтау мәселелеріне қатысты қызметтердің, бәсекеге қабылетті ортаға беру және нарықтың оған әзірлігін білу жөніндегі қызметтері туралы сөз қозғалып отыр.  Айта кетерлігі, барлық бағыттар бойынша тиісті министрліктерде жұмыс топтары құрылған. Оның құрамына ҰКП өкілдері, кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіптік қызмет өкілдері енген. Осылайша, аталған топтардың жұмыс жоспары, сонымен қатар, 2016-2019 жылдарға арналған ҰКП-ның мемлекеттік органдар қызметін бәсекеге қабілетті орта және ӨРҰ-ға беру жөніндегі Шаралар жоспары әзірленген.

«Атамекен» ҰКП мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, нақты сала нарығы субъектілерін барынша тарта отырып, сондай-ақ, осы сынды мемлекеттік қызметтерді бәсекеге қабілетті ортаға өткізуге қатысты халықаралық тәжірибені зерттей отырып, қоғамдық тыңдалымдар өткізді. Мәжіліс депутаттарының, мемлекеттік органдардың өкілдері мен нарық субъектілерінің қатысуымен реттегіш әсерді талдау және сәулет-құрылыс шешімдерінің нәтижелерін талқылауға қатысты бірқатар отырыстар өткізілді.

Ауыл шаруашылығы министрлігі (АШМ) мен Индустрия және даму министрлігінің (ИДМ) қызметтерін өткізуге байланысты. Мемлекеттік органдардың жоғарыда аталған қызметтерін қазіргі таңда министрліктерге бағынышты  ведомстволар жүзеге асырып келеді. Бұл ретте, мемлекеттік қызметтерді бәсекеге қабілетті және ӨРҰ-ға өткізуге қатысты реформаның маңызды міндетінің бірі мемлекеттік қызметтерді жүзеге асыру барысында квазимемлекеттік секторлардың қатысуын барынша азайту болып табылады.

ИДМ-ның, бүгінгі күні «NADLoC» АҚ жүзеге асырып келе жатқан  мемлекеттік сатып алуларға отандық тауар өндірушілердің қатысуы, индустриалды-инновациялық қызмет субъектілеріне қаржылық қолдау және сервистік қызмет көрсету ісіне байланысты. Сарапшы топ пен өкілетті орган (ИДМ) шешімімен мемлекеттік қаржылай қолдау көрсету қызметіне қатысты операторлық қызметтерді «NADLoC» АҚ-да қалдыру туралы шешім қабылданды.

Кәсіпкерлік субъектілеріне сервистік қолдау көрсету және мемлекеттік сатып алуларда отандық тауар өндірушілердің қатысуы қызметін «Атамекен» ҰКП-ға беру туралы шешім шығарылды. Себебі, ДСҰ және ЕАЭО жағдайларында, Инвестициялар және даму министрлігі бүгінгі күні аталған қызметтерді жүзеге асыра алмай отыр. Палатаның министрліктермен және қызметтерді қабылдап алуға дайын отырған кәсіпкерлік субъектілерімен бірлесе отырып қолға алған сараптамалық жұмыс нәтижелері, қызметтерді осылай жекеменшік салаға өткізудің мақсаттылығын және оның басымдығын көрсетті. Енді бизнес-қоғамдастықтар жергілікті кәсіпкерлерге қолдау көрсету ережелерін өздігімен анықтайтын болады. 

Қазақстан және оның туристік мүмкіндіктері туралы ақпаратты халықаралық нарықта және мемлекет ішінде тарату қызметіне байланысты. Талқылау барысында туристік саланы реттеуге қатысты мәселелер ведомстводан ведомствоға осымен 6 рет өткізілгендігі анықталды. Сол себепті, мемлекеттік-жекеменшік серіктестік түріндегі арнайы құрылым (ИДМ 49% және ҰКП 51%) құру туралы ұсыныс айтылды. Бұл ретте туризм саласындағы қызметтердің орындалуына қатысты жауапкершілік келесі түрде жүзеге асырылатын болады: министрлікте нормативтік-құқықтық құжаттар әзірлеу, ведомствоаралық үйлестіру, мүдделі инвесторларды тарту мақсатында жағдайлар жасау, туризм және демалыс орындарындағы инфрақұрылымды дамыту, мемлекеттік деңгейдегі халықаралық ынтымақтастық және аталған саланы бақылау қызметтері енген туризм саласындағы мемлекеттік реттеу мәселелері қалса, арнайы құрылымға маркетингтік қызмет пен жарнама, ұлттық және өңірлік брендтерді қалыптастыру, туристік өнімді әзірлеу, туристік нарық қатысушыларының тренингтерін өткізу қызметтері бекітілетін болады. Қызметтердің осылай жіктелуіне Сарапшы топ та қолдау көрсетті.

АШМ-ның агроөнеркәсіптік кешенді (АӨК) субсидиялау жөніндегі қызметіне қатысты. Субсидиялауға қатысты қызметтер мемлекеттік қызмет болып саналады. Алайда Ауыл шаруашылығы министрлігі ұйымдастыру процестерін жандандыру және АӨК субъектілеріне қаржылай қолдау көрсету шараларын жетілдіруге бағытталған саясатты жүзеге асырып келеді. Дәлірек айтсақ, қызметтерді толығымен автоманттандыру жүйесіне өткізу туралы ұсыныс айтылуда. Яғни, АӨК субъектілеріне қаржылай қолдау көрсету ісіне қатысты шешім, адам факторының қатысуынсыз автоматты түрде қабылданатын болады. Осылайша, келесі жылдан бастап министрлік аталған субсидия түріне қатысты оператор рөлін атқармайтын болады, демек, аталған қызметтерді орындағаны үшін, министрлікке қаржы бөлінбейді. Осыған орай, Ауыл шаруашылығы министрлігінің аталған қызметін бәсекеге қабілетті ортаға беру ісін кейінге қалдыру көзделіп отыр. 

Бағалау қызметіне қатысты. Қазақстан аумағында бағалау қызметімен кәсіпкерлік қызметтің 700-ге жуық субъектілері айналысып келеді. Онда жұмыс істейтін 1,5 мыңға жуық баға берушінің қолдарында лицензиясы бар. Олардың әрқайсысы міндетті түрде 16 өңірлік палатаның – мүдделі  ӨРҰ-ның біріне мүше болуы тиіс. «Өзін-өзі реттеу туралы» Заң аясында, Әділет министрлігімен және Палатамен бірлесе отырып үзіліссіз ықпал ету жұмысына сараптама жасалып келеді. Реттегіш әсерді талдау қорытындыларына сәйкес,  келесі мемлекеттік қызметтерді беру туралы ұсыныс айтылды: бағалау стандарттарын әзірлеу, бағалау қызметіне лицензия беру; бағалау қызметімен айналысқысы келетін тұлғалардың біліктілігіне қатысты емтихандар өткізу; мамандарды кәсіптік қайта даярлаудан өткізу жөнінде бағдарлама әзірлеу;  бағалау қызметі субъектілерінің бәріне бірдей жағдай жасау арқылы, мүлікке баға беру қызметіне қатысты нарықтағы бәсекелестікті арттыруға атсалысу; баға берушілерге мемлекеттік бақылау жүргізу. Қазіргі таңда Әділет министрлігі бағалау қызметін жүзеге асыратын, мүше болушылар санын барынша аз ете отырып, ӨРҰ-ға қатысу арқылы аталған саладағы өзін-өзі реттеу институтының эволюциялық дамуын сақтау туралы ұсыныс айтып отыр. Сарапшы топ бағалау қызметіне қатысты бір топ  қызметті өзін-өзі реттеуші ұйымдарға беру туралы ұсынысты мақұлдады. Десе де, нақты шешім кәсіпкерлікті дамыту мәселелері қаралатын Водомствоаралық отырыста қабылданады.

Энергетика министрлігінің экологиялық аудиторлар қызметін реттеуге қатысты қызметтеріне байланысты. Аталған салада, бүгінгі таңда лицензиясы бар тұлғалардың басым көпшілігін біріктірген «Кәсіптік экологиялық аудиторлардың ұлттық палатасы» жұмыс жасап келеді. Сарапшы топ қызметті өзін-өзі реттеу ұйымына беру туралы ұсынысты қабылдады.

Сол сияқты Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі азаматтардың медициналық қызметтер сапасы мен деңгейіне сенімділігін анықтайтын қызметті мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы бәсекеге қабілетті ортаға беру туралы ұсыныс айтқан еді. Пациенттерден келіп түсетін шағымдар мен арыздардың артуын ескере келе, сондай-ақ, азаматтардың медициналық көмек сапасы мен деңгейіне қатысты көзқарасын анықтау үшін, тәуелсіз баға беру ісін қолға алған жөн. Министрлік ұсынысына жалпы Сарапшы топ қолдау көрсетті.

Қаржы министрлігінің аудиторлық қызметті реттеуге қатысты қызметтеріне байланысты. Бүгінгі күні жалпы заңды тұлғаларға (аудиторлық мекемелер) 198 лицензия берілген, эволюциялық негізде, мүше болу талабы ескеріле отырып 3 кәсіптік аудиторлық мекеме құрылған. Олардың қатарында: Аудиторлар алқасы (80 аудиторлық мекеме), Аудиторлар одағы (36 аудиторлық мекеме), Аудиторлар палатасы (81 аудиторлық мекеме) бар. Аудиторлық қызметке өзін-өзі реттеудің барлық белгілері тән, сонымен қатар, олар кәсіптік коммерциялық емес ұйымдарға – мүдделі ӨРҰ нарығы субъектісіне (аудиторлар) міндетті түрде қатыса алады.  ҰКП кәсіптік аудиторлық мекемелер жетекшілерімен және кәсіпкерліктің ірі субъектілерімен бірлесе отырып (оның ішінде халықаралық та бар) аталған институттың артықшылықтарын көрсеткен, өзін-өзі реттеудің тиімді жақтары мен кемшіліктерін сарапқа салған.

Нотариустар мен адвокаттар қызметіндегі өзін-өзі реттеу. Әділет министрлігі аталған саладағы өзін-өзі реттеуге қарсы, десе де аталған мәселені алдағы уақыт еншісіне қалдырған жөн. ҰКП аталған саладағы өзін-өзі реттеу мәселесін Ведомствоаралық комисссия отырысында реттегіш әсерді талдау нәтижелеріне байланысты қараған дұрыс деп отыр.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер