«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Кәсіпкерлер бастамасымен бизнес-кітапхана ашылды

2016 жылғы 14 Желтоқсан
- Шымкент қаласы
11286 просмотров

Бизнесмендер өз әріптестеріне Оңтүстік Қазақстан облысындағы алғашқы бизнес-кітапхананы сыйға тартты

Алматы менеджмент университетінің (AlmaU) Шымкенттегі өкілдігінің түлектері ОҚО-дағы барлық кәсіпкерлерге сирек кездесетін 50-ден астам іскерлік бағыттағы кітапты тарту етті. Мұндай ерекше сыйлық Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған.

Шымкенттегі шағын және орта бизнесті басқарып отырған 12 кәсіпкер AlmaU-дың алғашқы түлектері болып саналады, олар МВА бағдарламасы бойынша екі жыл тәлім алған. Олар Қазақстанда және шетелде бизнесті табысты жүргізу үшін, кәсіпкер бірінші кезекте өзін өзі дамыту керек екенін жақсы түсінеді.

Осы кітапхананың арқасында кәсіпкерлер MBA бағдарламасының бапкерлері мен практиктері ұсынған іскерлік әдебиеттерге оңай қол жеткізетін болады. Бұл оларға өздерінің операциялық және стратегиялық міндеттерін анағұрлым тиімді орындауға мүмкіндік бермек.

AlmaU түлектері тамаша үрдістің негізін салды. Енді кітапхана қоры үнемі танымал мамандардың маркетинг, менеджмент, қалыптан тыс сана тақырыбындағы еңбектерімен үнемі толығып, жаңарып отырады.

Кітапхана ОҚО Кәсіпкерлер палатасы ғимаратындағы Алматы менеджмент университетінің (AlmaU) кеңсесінде орналасқан.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер