«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

«Bastau Бизнес» - кәсіпкерлікке баулудағы тиімді жоба

2016 жылғы 13 Желтоқсан
31609 просмотров

Жоба аясында өзін-өзі жұмыспен қамтып отырған және жұмыссыз  жүрген 30 000 азаматты кәсіпкерлікке баулу көзделген

Елбасының «Баршаға тегін кәсіптік-техникалық білім» жаңа жобасын  2017 жылдан еңгізу бойынша берген тапсырмасының орындалуы тұрғысында  Орталық коммуникациялар қызметінде брифинг өтті.

Баспасөз маслихатына Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова, Кәсіптік және техникалық білім беру департаменті директорының міндетін атқарушы Ернат Жүнісов, «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ Басқарма Төрағасы Нұрғали Аршабеков, ҚР «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы  Бизнес-коммуникацияны мемлекеттік тілде дамыту департаментінің  директоры Бауыржан Оразғалиевтың қатысуымен өтті. 

Көпшілікті жаппай жұмыспен қамтуды көздеген жаңа жоба орта білімі бар, жұмыссыздар мен техникалық, кәсіби мамандықты меңгерем деушілерге арналған. Брифинг барысында кәсіптік-техникалық білімді енгізудің қазіргі жағдайы туралы ақпарат берілды. Сондай-ақ, нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлік «Еңбек» бағдарламасы шеңберінде 2 бағытта  тегін кәсіптік-техникалық білімді енгізудің тетігі туралы  айтылды.

«2017-2021 жылдар аралығында жүзеге асатын  оқыту бағдарламасы 671 мың адамды қамтымақ. Оқыту екі деңгейден тұратын модульді бағдарламаларға негізделген. Қарапайым жұмысшыдан бастап орта буын маман деңгейіне дейін білім алу мүмкін. Көп балалы отбасыдан шыққан, сондай-ақ, білім алуда қаражылай көмекті қажет ететін жастар, 9-11 сынып түлектері осы бағыт бойынша білімдерін шындайды. Оқыту колледж бағдарламасына сәйкес жүргізіледі. Аудан, ауыл әкімшіліктері тарапынан құрылған жұмыс топтары  бағдарлама қатысушыларын анықтайды.  Оқытуға талапкерлер әңгімелесу арқылы қабылданып, шәкіртақы, жол ақысы, жатын орын және тамақпен қамтамасыз етіледі», – деді Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова.   

Вице-министрдің айтуынша, оқыту жобасы шеңберінде 145 мың адам арнайы мамандық алып, еліміз үшін қызмет ететін болады. Бұл үшін қазынадан жыл сайын 73 млрд теңге бөлінеді. Техникалық, технологиялық, қызмет көрсету, ауылшаруашылығы мамандықтарын иегерем деушілер жаңа оқыту жобасы арқылы тегін білім ала алады. Жыл сайын мемелекеттік оқу гранттарына іліге алмай қалған мыңдаған талапкерлер жоғары білімсіз, жұмыссыз қалады. Осындай жастарды экономикалық және заң мамандықтарынан басқа барлық орта буын мамандықтары бойынша оқуға түсу емтихандарының қорытындысы бойынша  тегін оқытуды қамтамсыз ету қоғамдағы теңгерімді реттейді.

Жаңа жобаның екінші бағыты бойынша білім аламын деушілерге қысқа мерзімде  дуальді оқыту арқылы 1 айдан 6 айға дейін созылатын қысқа мерзімді кәсіби білім бойынша оқытылады. Мұндай біліктілік сабақтары жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған. Барлық жұмыспен қамту орталықтар оқыту бағдарламасына қатысушыларды анықтап, оқудан кейін олардың жұмыспен қамтылуын қадағалайтын болады. Оқыту колледждер, білім беру орталықтары, әскери-техникалық мектептерде өткізіледі. Шет жақта тұратын азаматтар мобильді топтарда оқып, тегін негізде мамандық иесі атану мүмкіндігін иеленеді.

Екінші бағыт бойынша «Атамекен» ҰКП «Bastau Бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік негіздері бойынша оқу курстары ұйымдастырылып, ең үздік білім алушыларға бизнес ашу үшін пайызы төмен шағын несие берілмек. «Bastau Бизнес» жобасы туралы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы  Бизнес-коммуникацияны мемлекеттік тілде дамыту департаментінің   директоры  Бауыржан Оразғалиев толығырақ тоқталды.

«Бүгінгі күні бағдарлама құжаттары дайындалуда, бірнеше күннің ішінде Денсаулық сақтау және әлеуметтік дамыту, Ұлттық экономика, Білім және ғылым, Ауылшаруашылығы министрліктері  басшылығымен бірлескен ыс нәтижесінде қабылданады. Аталмаш бағдарлама жобасы үш бөлімнен тұрады:  техникалық және кәсіби дайындықты дамыту, еңбек ресурстарын мобильді етіп, жұмыспен қамту саласына жаңашылдықтар енгізу, сондай-ақ «Bastau Бизнес» жобасы негізінде жаппай кәсіпкерлікке баулу».

Ұлттық палатаның бастамасымен өңірлердегі қаржылық сауаттылықты арттыру, жаңа бизнес көздерін ашу, халықтың әл-ауқатын жақсарту мақсатында «Bastau Бизнес» жобасы кәсіпкерліктің негіздері бойынша тегін оқытатын семинарларды өткізуге ұйытқы болып отыр. Жоба еліміздің Батыс аймағында бастау алды. Жобаның  нәтижесі де айтарлықтай, ал ең бастысы халық үлкен қызығушылық танытып отыр. «Bastau Бизнес» жобасы  еліміздің басқа да  өңірлерінде іске қосылмақ.  

 «Бұ бағдарлама жобасы 2017-2021 жылдарға арналған. Жоспар бойынша,  жаңа жоба операторлары (Ұлттық кәсіпкерлік палатасы, Ауылшаруашылығы министрлігі, Денсаулық сақтау және әлеуметтік дамыту министрлігімен бірге) бірлесіп 2017 жылдан бастап 15 000, одан кейін жылдан жылға осы көрсеткішті өсіріп, 2021 жылы өзін-өзі жұмыспен қамтып отырған және жұмыссыз  жүрген 30 000 азамтты кәсіпкерлікке баулу көзделген. Біздің жоспарымыз бойынша жобаға қатысушылардың кемінде 12 пайызы бизнес ашады», – деп қорытындылады Бауыржан Оразғалиев. 

Қазақстанда білікті мамандар тапшылығы жылдан-жылға артуда. Қазіргі таңда еңбек нарығында техникалық және кәсіптік мамандықтарға сұраныс айтарлықтай артқан. Жаңа жобанының мақсаты – тікелей еңбек нарығы қажеттілігін ескере отырып, білікті кадрларды оқытып маман тапшылығы мен жұмыспен қамту сияқты екі мәселенің шешімін таппақ.

 

Әлия Кемелбекова


Еншілес ұйымдар

Серіктестер