«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Іскерлік кеңестің кезекті даму белесі

2016 жылғы 02 Қараша
9272 просмотров

Еуразиялық экономикалық комиссия мен ЕАЭО Іскерлік кеңесінің өзара ықпалдастығы жөнінде Консультативтік кеңес құрылды

Кедендік одаққа мүше елдердің бес ірі бизнес-қауымдастығынан тұратын ЕАЭО Іскерлік кеңесі 2015 жылы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бастамасымен құрылған еді. Осы жылдың мамыр айында Іскерлік кеңес туралы келісімге құрылымдық сипаттағы өзгерістер енгізілді.

ЕАОЭ-ның іскерлік ортасының кеңесші органын, оның құрылымын жаңғырту және Іскерлік кеңестің президенттігіне Комиссияның экс-төрағасы В.Христенконы тағайындау арқылы күшейту, Іскерлік кеңес Төралқасының негізгі шешімі болды.

Экономикалық ықпалдастық департаменті өкілдерінің атап өткендей, Іскерлік кеңестің Келісімде белгіленген негізгі қызметі – Одаққа мүше мемлекеттердің кәсіпкерлері жиі тап болатын түйіткілді мәселелер мен кедергілер бойынша кәсіпкерлердің біртұтас көзқарасын, сондай-ақ сауда-саттық жүргізудегі айтарлықтай маңызды ықпалдастық бағыттары бойынша ұстанымдар әзірлеу.

Бизнестің қалыптасқан бірыңғай ұстанымын ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерге және Комиссия алаңына тиімді жеткізу үшін Консультативтік кеңес құрылды.

Бұл консультативтік органды Одаққа қатысушы елдердің бизнес-қауымдастықтары үшін сұхбаттасу алаңы деуге болады. Ол ықпалдасудың барлық бағыттары бойынша үйлестіруді күшейтуге бағытталған.

Консультативтік кеңес кәсіпкерлік қызмет ахуалдарына тура немесе жанама әсер ететін ықпалдастық үдерістері аясында барлық салалар бойынша өзара ықпалдастық орнатады.

Оны құрамына Іскерлік кеңес жағынан өзара әрекеттестік салалары бойынша бизнес-қауымдастықтардың 14 өкілі, уәкілетті өкілдер және Іскерлік кеңестің Төралқа мүшелері кіреді, ал Комиссия жақтан Алқа төрағасы, Алқа мүшелері мен Комиссияның лауазымды тұлғалары кіреді.

Сонымен қатар бизнес-қауымдастықтардың біртұтас тұжырымы негізінде дайындалған Іскерлік кеңестің ұсыныстарын Консультативтік кеңесте қарау үшін, олар Іскерлік кеңес Төралқасы комиссиясына енгізіледі.

Бұдан бөлек, құрылған кеңесші орган аясында түйіткілді мәселелерді егжей-тегжейлі қарап, шешу жолдарын іздестіру мақсатында сараптамалық жұмыс тобы құрылуы мүмкін.

ҰКП Экономикалық ықпалдастық департаменті атап өткендей, бизнес пен Комиссия арасында мұндай тәжірибе бұрыннан бар. Мәселен, Іскерлік кеңес 2013 жылы құрылған Белоруссия-Қазақстан-Ресей арасындағы бизнес-сұхбаттың ізбасары іспетті.

Сондықтан Консультативтік кеңестің жаңғыртылған құрылымы, кеңейтілген құрамы және жаңа міндеттері бар. Ол уақыт пен интеграция тенденцияларына сай келеді.

«Атамекен» ҰКП, өз кезегінде, ЕАОЭ Іскерлік кеңесінің биылғы төрағасы ретінде Консультативтік орган жұмысының басталуы – Іскерлік кеңестің негізгі мақсаттары мен міндеттерін пайдаланудағы тағы бір қадам екеніне сенімді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер