«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Ұлттық өнімді бір жерден таба аласыз

2016 жылғы 27 Қазан
14805 просмотров

«Қазақстанда жасалған – Халық маркасы» павильоны аумағында жеңіл өнеркәсіп секторы бойынша 100 қазақстандық компанияның өнімі ұсынылды

ҚР Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары қауымдастығы «Халық маркасы» қазақстандық тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау жүйесі федерациясы» заңды тұлғалар бірлестігімен және ҚР Сауда кәсіпорындары қауымдастығымен бірлесіп, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы қолдауымен, отандық тауар өндірушілерді қолдау мақсатында «Қазақстанда жасалған – Халық маркасы» павильонының аумағында жеңіл өнеркәсіп секторын ашып жатыр. Ол «Самғау» сауда үйінің алаңындағы көрме-жәрмеңкеде орналасқан.

Жеңіл өнеркәсіп секторының ашылу салтанатына министрлік, әкімдік және «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері, салалық бірлестіктер мен бизнес-қауымдастықтар қатысты.

Бүгінгі таңда аталған жобаға Қазақстандағы 100-ден астам компания қатысып отыр. Сонымен қатар «Самғау» сауда үйінің алаңына 500-ден астам отандық өнімді тарту жоспарланған.

Естеріңізге сала кетсек, «Самғау» сауда үйіндегі  алғашқы «Қазақстанда жасалған – Халық маркасы»  сауда-көрме павильонының аясында, үздік өңірлік өндірушілердің тауарларлары мен қызметтерін  танымал ету мақсатында, павильоннан 6 шаршы метрден бастап 100 шаршы метрге дейінгі аумақ бір жылға тегін жалға беріледі. Сонымен қатар, өндіруші «Халық маркасы» белгісі мен сертификатын 2 жыл бойы жарнамалық мақсатта пайдалана және «Самғау» журналистер арасындағы ұлттық байқауы аясында жарнама және маркетинг жүргізе және ЭКСПО – 2017 көрмесі кезінде өз өнімдерін таныстыра алады.  «Қазақстанда жасалған – Халық маркасы» павильоны Астана қаласының туристік картасына енеді. Ол өз кезегінде сауда орталығына келушілердің санын арттырады.

Бұл жобаны жүзеге асыру барысында жеңіл өнеркәсіп саласындағы отандық тауар өндірушілердің өнімінің саны артады, қосымша жұмыс орындары құрылып, жеңіл өнеркәсіптің дамуына жол ашады.

Тағы бір елеулі оқиғаны айта кеткеніміз жөн. ҚР «Жасыл орман» орман шаруашылығы және орманды қайта өңдеу ұйымдарының қауымдастығы ЗТБ атқарушы директоры Лаура Сейфуллина және «Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының қауымдастығы» директоры Любовь Худовая ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Қос тарап келесі бағыттар бойынша өзара байланысқа келісті. Олар саладағы кәсіпорындар арасында өндірістік кооперацияны дамыту мақсатында бірлескен шаралар ұйымдастыру; көрме-жәрмеңке және конгресстік қызметті дамыту және сала кәсіпорындарының қатысуын қамтамасыз ету; маман даярлаудың заманауи әдістемесін енгізу; оқыту семинарлары мен тәжірибе алмасу шараларын бірлесіп ұйымдастыру; баспа және электронды басылымдарды шығару; экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету; сонымен қатар орман шаруашылығы қызметкерлеріне арнайы киім дайындау бойынша бірлескен жобаларды жасауға бағытталған шараларды қабылдау.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер