«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Алғашқы жеңіс!

2016 жылғы 25 Шілде
- Шымкент қаласы
13791 просмотров

Жанар-жағармай сатумен айналысатын оңтүстікқазақстандық кәсіпкерлердің сеңге айналған проблемасы орнынан қозғалды

ОҚО Кәсіпкерлер палатасы бастамасымен Бас прокуратура мен Жоғарғы сотқа айтылған өтініштен соң, бас прокурор кассациялық наразылық білдіріп, Жоғарғы сот жалған кәсіпкерге қатысты үкімді алып тастады.

Еске салсақ, биыл көктемде ОҚО-ның елу кәсіпкері жедел көмек сұрап шағымданған. Жағдай аса маңызды әрі барлық деңгейдегі билік өкілдерінің қатысуын қажет етті.

2012-2013 жылдары кәсіпкерлер ЖЖМ-ны арзан бағамен алматылық «Alma Оil Еnergy» ЖШС-нан сатып алған. Бұл ЖШС кейіннен жалған кәсіпорын деп танылған. Жанар-жағармай ОҚО аумағында тарату үшін сатып алынған, ал оператор ҚР Мұнай және газ министрлігі арқылы бекітілген.

Бастапқыда бәрі дұрыс болған. Компаниялар жұмыс жасап, жеткізілімдер жүзеге асып отырған. Жеткізілген ЖЖМ ҚР заңнамалық нормалары мен талаптарына сәйкес рәсімделген. Ол орындалған жұмыстарды қабылдау актілерімен, шот-фактуралармен, көліктік жүк құжаттарымен және т.б. бекітілген. Алайда 2015 жылғы желтоқсанда сот Минаков құрған «Alma Оil Еnergy» ЖШС мен тағы екі компанияны жалған кәсіпорын деп тауып, Минаковтың өзін жалған кәсіпкерлікпен айналысып, қылмыс жасады деп айыптаған. Бірақ ол қылмыстық жауапкершіліктен 9,9 млн теңге көлемінегі айыппұл төлеп, құтылып кеткен.

Дәл осы тұста жығылған кәсіпкерлерге жұдырық болған тағы бір жайт орын алған. Сот үкімінің заңды күшіне енуі негізінде «Alma Оil Еnergy» және Минаковтың тағы екі компаниясымен жұмыс жасаған барлық контрагенттерге Мемлекеттік кірістер комитеті қыруар салық салған. Олар мемлекеттік қазынаға осы жылдар ішіндегі барлық салықтарды (ҚҚС мен операциялар бойынша ұжымдық кіріс салығы) төлеуге міндеттелді. Былайша айтқанда, кәсіпкерлер оларды 2-айналымда төлеуге тиіс болған. Олай болмаған жағдайда, кәсіпкерлер шоттары бұғатталып, өсімақылар салынады. Ал бұл миллиондаған сома еді.

Кәсіпкерлер қалтасы мұндай соманы көтере алмайтын халде еді. Ал тұтас облысты ЖЖМ өнімдерімен қамтамасыз етіп отырған барлық субъектілердің қызметін тоқтатып, шоттарына тыйым салу көлікті коллапс пен өңірдегі әлеуметтік алаңдаушылықтың артуына апарып соғатын.

Проблема ОҚО Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі кеңес талқылауына өтті.

Дәл сол жолғы отырыс қызу болды. Қатысушылар мұндай ЖШС қызметін тексеру секілді маңызды тексерісті жүргізу кезінде ОҚО-дағы бірде-бір оператордың Алматыға шақырылмағанын түсіне алмай дал болды. Себебі, кәсіпкерлер өз құқығын қорғау мен жасалған келісімшарттардың растығын тек алдын ала тергеу мен қылмыстық істің сотта қаралу кезінде ғана жүзеге асыра алатын еді. Алайда сотқа Е.Минаковпен келісімге отырған Қазақстандағы 350 кәсіпорынның 8-і ғана жіберіліп, тыңдалды. Олардың арасында оңтүстікқазақстандық фирмалар болған жоқ. Тергеуді жүргізгендердің контрагенттер мен жалған кәсіпкерлердің өзара қарым-қатынасының іс жүзіндегі жайттарын зерттеуге де құлықтары болмады. Жасалған операциялардың заңдылығын растайтын құжаттарды да зерттеген ешкім болмаған. Компаниялар ЖЖМ-ны сатқанын, ал шаруа қожалықтары оны сатып алғанын дәлелдейтін жүкқұжаттар ұсынылған. Сонымен бірге, мұның барлығын салық комитеті бақылап отырған, ал ЖЖМ-ны тиеп, ОҚО-на темір жол арқылы жеткізіліп отырған. Барлығы 5 млрд 134 млн болатын 50 мың тоннадан астам ЖЖМ жеткізілген. Мұндай көлемдегі тауарды заңсыз немесе жалған құжатпен  вагондармен тасымалдау мүмкін емес нәрсе еді. Контрагенттер арасында ірі әуе тасымалдаушысы «Skat» та бар. Бұл тұста заңды сұрақ туады, егер келісімдер жалған болса, онда компания ұшақтары отынсыз қалай ұшқан?

ОҚО Кәсіпкерлер палатасы «Атамекен» ҰКП орталық аппаратына жүгініп, Бас прокуратураға шығуды сұраған. Бас прокурор Алматы қаласы Алмалы аудандық сотына наразылық білдірді. Өз наразылығында бас прокурор соттың қылмыстық-процессуалды заңның нормаларын айтарлықтай бұзғанын және мұның соңы Е.Минаковты орынсыз ақталып шығуына әкелгенін айтты. Сонымен бірге, іс бойынша үшінші тұлғалардың, нақтырақ айтсақ адал ниетті құқықтары мен мүдделері бұзылды. Бір сөзбен айтқанда, осы іс бойынша үкімді болдырмау үшін негіздемелер ұсынылған.

Жоғарғы соттың қылмыстық іс бойынша сот төралқасы тергеу шараларының толық еместігі мен іс бойынша жайттар мен деректер жан-жақты зерттелмегеніне нұсқап, бұл наразылықты қанағаттандырды және үкім күшін жарамсыз деп хабарлады. Қылмыстық іс қайта қаралу үшін сотқа жолданды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер