«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Диқандар ақшасыз қалмайды

2016 жылғы 14 Шілде
- Шымкент қаласы
12398 просмотров

Палата көмегінің арқасында агроқұрылымдар мемлекеттік қолдау алмақ

Қаржы институты көктемгі егіс үшін мемлекеттік қолдаудан үміткер «Береке Мақта» АӨК құжаттарынан 259 олқылық тапқан.

Мақтарал ауданында мақта өсіретін бұл ауыл шаруашылығы кооперативі осыдан жарты жыл бұрын Қазыбек би ауылдық округінің 707 шаруа қожалығын біріктірді. Агроқұрылымның диқандары осы көктемде 7 мың гектар жерге мақта, бау-бақша, жүгері мен көкөніс екті. Көктемгі-егіс жұмыстарын қаржыландыру үшін ең алдымен «Максимум» өңірлік инвестиция орталығына өтініш білдірді. Жоғарыда айтқанымыздай, тапсырылған құжаттардан кемшіліктер шығып, сол себепті  көктемгі-егіс жұмыстарына несие беруге қарсылық білдірілді. Диқандар егісті өз ақшасымен жүргізіп, Кәсіпкерлер палатасының Мақтарал аудандық филиалына өтініш жасады.

Палата сарапшылары құжаттардағы олқылықтарды ыждаһатты түрде түзету жұмысымен шұғылданды. Кооперативтің 40 мүшесінің несие тарихын талдай келіп, қатысушылардың жеке-жеке сенімділігін тексерді. Тек 18-нің ғана тарихы таза болып шықты. Кепіл берушілер ретінде соларды көрсету ұсынылды. Сонан соң салық құжаттарын, мекен-жай анықтамаларын, тіркеу қағаздарын және т.б. анықтамаларды жинау жұмыстары басталды. Сонымен бірге мақта өсіруге инвестиция тарту туралы бизнес-жоспар әзірленді. Бір сөзбен айтсақ, бизнес-жоба бойынша қызмет көрсетудің  толық тізбесі орындалды. «Максимум» ӨИО-ға жаңартылған құжаттар жинағы  тапсырылды.

Жуырда жобаны қаржы институты жылдық 9 пайызбен 25 млн теңге сомасында мақұлдады.

«Егер АӨК осы күзде жиналған астық қорытындылары бойынша есеп айырысса, онда агроқұрылым  үшін  пайыздық мөлшерлеме небары жылдық 3-4 пайызға түседі», – дейді  Кәсіпкерлер палатасы Мақтаарал аудандық филиалының кеңесшісі Талғат Бапаев.    


Еншілес ұйымдар

Серіктестер