«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Несиенің балама көзі

2016 жылғы 27 Маусым
- Шымкент қаласы
14705 просмотров

ОҚО бизнесмендеріне ірі компанияларға  қор нарығы  құралдары арқылы қаржы тарту жайлы айтылды

50 ірі кәсіпорын басшыларымен болған кездесуді Кәсіпкерлер палатасы және  «Фридом финанс» атты  инвестициялық компания ұйымдастырды.

Мәселе өзекті, өйткені бизнестің көптеген ірі субъектілері өркендеп келе жатса да, қосымша қаржыны қажет етеді.  Біріне қаржы өндірісті кеңейтуге, екіншілеріне жаңғыртып-жетілдіру үшін, ал тіпті басқасына жаңа жобаларды жүзеге асыру үшін керек. Әдетте қаржы іздеген жан қайда барады? Әрине, банктерге. Бизнесмендерге кездесу барысында  акцияларды қор биржасына жария орналастыру сияқты балама қаржы көзі барын еске салды. IPO-ға шығу компанияның дамуына қалай әсер етеді және қор нарығында инвестиция  тартудың  артықшылықтары неде, ұйымдастырушылар мұны қазақстандық кәсіпорындардың бірі – Ақтөбе   металл конструкциялар зауытын мысалға ала отырып,  көрсетті.  Зауыттың акциялары 2016 жылы шілде айының екінші жартысында сатыла бастайды. IPO барысында тартылған қаржы қарыздық жүктемені азайтуға, зауыттың өндірістік қуаттылығын кеңейтуге жұмсалады. Бұл компанияның жаңа мәмілелер тартып, ірі инфрақұрылымдық жобаларға қатысуына мүмкіндік береді. Кәсіпкерлерді қаржы нарығына  тарту мақсатымен зауыт және «Фридом финанс» АҚ өкілдері жоба жайлы егжей-тегжейлі ақпарат бөлісті,  кәсіпорынның акцияларын сатып алу себептерін атады.

Инвестициялық компания қаржы нарығына шығу кез келген компанияның серіктес  клиенттер арасындағы халықаралық қаржылық талаптарға сай және айқын бухгалтерлік есептілігі бар сенімді фирма ретінде беделін жақсартады  деп санайды.

«Фридом финанс» АҚ бас директоры Тимур Турлов биржаға шығу компанияның негізгі артықшылығына айналады, акционерлердің жақсы табыс табуына жол ашады деп кәміл сенеді.

«АЗМ зауытын акционерлеу оның мәртебесін көтеріп, инвесторларға тартымды етеді. Ал инвестиция тарту – өсу мүмкіндігі, сапалы даму мүмкіндігі», – деп санайды  зауыттың акционері Қайрат Қойлыбаев.

««Қор нарығы құралдары арқылы  қалай қаржы тартуға болады?», бұл тақырып қазір өте өзекті, өйткені көбінесе бизнесмендердің қаржылық ресурстарға қолы жете бермейді, – дейді ОҚО Кәсіпкерлер палатасы директоры Асқар Әбубәкіров. – Біз жергілікті компаниялар мен өндіріс иелерін бұл үдеріске белсене қатысуға шақыру үшін бизнеске арналған   диалог алаңын ұйымдастырдық. IPO-ға шағын және орта бизнестің қатысу артықшылығы айдан анық: бұл ең алдымен қажетті көлемде арзан капиталды алу мүмкіндігі. Сонымен бірге тартылған қаржыны инвесторларға  қайтарудың қажеттігі жоқ. Қор нарығына шығу  ықтимал серіктестер мен клиенттердің көз алдында компанияның беделін өсіреді».


Еншілес ұйымдар

Серіктестер