«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

СТ-KZ индустриалды сертификаттан несімен ерекшеленеді?

2016 жылғы 12 Сәуір
27148 просмотров

Салалық қауымдастықтар енді индустриалды сертификаттың кәсіби талаптарын өздері дайындайтын болды

«Атамекен» ҚР ҰКП машина жасау мен металл өңдеу комитетінің жиналысында ҰКП Төралқа төрағасының кеңесшісі Артур Қабдолов индустриалды сертификат туралы әңгіме қозғады.

«Біз индустриалды сертификат деген ұғымды кеңейтсек пе деп отырмыз. Оны үш деңгейлі етіп жасау керек. Сонда ел ішінде кәсіпорындарды саралауға болады. СТ-KZ мұны тек қазақстандық мазмұнның ішіне ғана сыйдыратын», – деді ол.

Кеңесшінің түсіндіруі бойынша, 2 деңгейлі сертификат – сапа сертификатына ие және белгілі бір құрамдас бөлшектерді шығаратын кәсіпорын. Үшінші деңгей – шикізаттан басқасын өзі өндіретін толыққанды өндіруші өндіріс.

Қабдоловтың сөзі бойынша индустриалды сертификаттағы ең маңызды зат – өтініш берушіні өндіруші ретінде тану. «Біз басқаша атауды ұсынып жатырмыз. Индустриалды сертификат – бұл ерікті түрде жасалатын сертификация, өтініш берушінің техникалық, технологиялық, ресурстық мүмкіндіктері бар екенін көрсетеді, өнім өндіруге шамасы жететіндігін айғақтайды, тізімде көрсетілген қызмет ауқымын  көрсетуге қауқары жететінін дәлелдейді. Индустриалды сертификат деген ұғымға тауар сапасы дегенді жапсыруға болмайды», – деп қосты ол.

«Біздің ойымызша индустриалды сертификаттың басты құжаты оның кәсіптік талаптары болады. Олар салалық қауымдастықтар өздігінше жасап шығуы керек. Бұл басты құжат болмақ. Соған қарап сарапшы аудитор өтініш беруше шын мәнінде өндіруші ме, жоқ па, соны анықтап отырады», – деді ҰКП өкілі.

Өндірістік қуатты есептеу тәсілін Қабдолов салалық қауымдастықтар өздері белгілеуі керек. Ішкі  мазмұнның шамасын анықтауды СТ-KZ бар формула бойынша есептей береді. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер