«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

ЕАЭО жағдайындағы америкалық стандарттар

2016 жылғы 07 Сәуір
12107 просмотров

«Атамекен» америкалық стандартизациялау ұйымдарымен өзара әріптестікті жолға қоюда

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының орталық кеңсесіне API және ASTM стандартизациялау ұйымдарының өкілдері Лакшми Маон мен Джеймс С. Томас келді. Ұлттық палатаның Сыртқы сауда және техникалық реттеу департаментінің қызметкерлерімен кездесу барысында ЕАЭО жағдайында америкалық стандарттарды енгізу, ASTM мен API талаптарын жүзеге асыру мақсатындағы қазақстандық бизнестің АҚШ-тың стандартизациялау жөніндегі үкіметтік емес ұйымдарымен өзара іс-қимылы мәселелері талқыланды.

Америкалық тараптың өкілдері стандартицазиялау жөніндегі америкалық ұлттық жүйенің таныстырылымын ұсынды. Онда жүйенің ерекшеліктері мен Қазақстанның ұлттық талаптарына бейімделу мүмкіндіктері қарастырылған.

Техникалық реттеу департаментінің директоры Сергей Радаев америкалық делегецияны ЕАЭО жағдайындағы техникалық реттеудің қағидалары мен ережелері туралы хабардар етті.

Пікір-сайыс барысында «Атамекен» ҰКП, ASTM мен API арасындағы өзара іс-қимылдың мүмкін бағыттары анықталып, мұндай кездесулерді тұрақты өткізіп тұру туралы шешім қабылданды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер