«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

IKEA біздің тауарларды сатқысы келеді

2016 жылғы 05 Сәуір
- Шымкент қаласы
14663 просмотров

IKEA оңтүстік қазақстандық өндірушілермен әріптестік қатынас орнатуды жолға қоюда

Әлемдегі ірі сауда желілерінің бірі IKEA компаниясы мен оңтүстік қазақстандық бизнестің әріптестік қатынасы ОҚО Кәсіпкерлер палатасында талқыланды.

Швед компаниясының өкілдері Оңтүстік Қазақстанның жеңіл өнеркәсіптік тауарларын өндірушілермен тікелей байланыс орнатуға қызығып отырғандықтарын, осылайша осы саладағы ең ірі бизнес-қауымдастықпен өзара қарым-қатынас ұйымдастыруға ниетті екендіктерін білдірді.

IKEA-ның өкілі Дарья Лавренева ОҚО нарығының компания үшін зор маңызға ие екенін атап өтті. IKEA тауарларын оңтүстік қазақстандық тұтынушылар үшін қолжетімді ету үшін, барлық өндірістік-өткізу тармақтарын дамыту көзделуде. Компания, әсіресе, жергілікті жеткізушілермен әріптестікті жолға қойып, олардың өндірісіне техникалық инновацияларды енгізуге мән бермек.

Қазіргі таңда IKEA тауар сатып алу үлесін арттыруда, соның ішінде жергілікті жеткізушілердің жеңіл өнеркәсібі де бар. Негізінен, компания жергілікті «Гауһар» фирмасының үй тоқыма маталарын, зығырдан жасалған тауарларын кеңінен қолдануды жоспарлауда. Оңтүстік қазақстандық «Бал Текстиль» кілем фабрикасымен жасалған келісім бар. Фабрика арнайы IKEA үшін жеке дизайнды, кілем түгінің қалыңдығы мен ұзындығына қатысты сипаттаманы әзірлеген. Оны желіден тыс жерлерге өткізе алмайды.

Палата сарапшыларының пікірінше, жергілікті өндірушілердің ірі ритейлермен әріптестігі жеткізушілерге имидж бен тауар маркасын айналдыру мәселесінде маңызды болып тұр. IKEA-ға тауар жеткізу компанияның имиджін арттырады.

«Егер жеткізуші ИКЕА-ның жеткізушісі атанатын болса, оның өнімдері осы желі орналасқан барлық елдерде сатылымға шығарылады. Алайда, ИКЕА компаниялар тобының жеткізушісі болу үшін, өндіруші айтарлықтай бәсекеге қабілетті тауар өндіруі қажет. Әріптестерге қойылатын талап бойынша өнімнің сапасы жоғары, бағасы қолжетімді болуы тиіс. Сондықтан ИКЕА компаниясымен арадағы әріптестік оңтүстік қазақстандық тауарларың өндіріс көлемі мен сапасын арттырады деген сенімдемін», – дейді ОҚО Кәсіпкерлер палатасының диркторы Асқар Әубәкіров.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер