«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Экоқапшықтардың пайдасы көп

2016 жылғы 28 Наурыз
- Шымкент қаласы
15520 просмотров

Шымкеттік супермаркеттерде «Атамекен» ҰКП-ның логотипімен қағаз қапшықтар пайдаланыла бастады

Кәсіпкерлер палатасы полиэтилен қапшықтардың орнына еш зияны жоқ қағаз қапшықтарды пайдалануды ұсынатын «Эко-қапшық» жобасына қолдау танытты. Астаналық «Home info» фирмасының (аталмыш технология осы фирмаға тиесілі) Шымкенттегі өкілі Әйгерім Момбекованың айтуынша, қапшықтар барлық санитарлық-гигиеналық нормаларға сәйкес келеді, жарнама химикаты жоқ су бояғыштармен жазылса, желімнің орнына крахмал клейстер қолданылады екен. Қапшықтар нан-тоқаш, аспаздық өнімдерін, донер, фаст фуд, қақталған тауықтар салуға арналған.

«HOME INFO» ЖШС жобасы пластик қапшықтардың орнын экологиялық қағаз қапшықтармен алмастыру арқылы Қазақстан тұрғындарының арасында қоршаған ортаны қорғау қағидаларын қалыптастыруға бағытталған. Полиэтиленнің қаншалықты қауіпті екені бәріне мәлім емес пе? – деп атап өтті А. Момбекова. – Егер адамдар дүкеннен сатып алған азық-түлігін полиэтилен қапшықтарға емес, қағаз қапшықтарға салып алса, бұл біздің экологияны жақсартуға қосқан үлесіміз болмақ».

Фирма өкілінің мәлімдеуінше, пластикпакеттерді шығару үшін жыл сайын әлемде өндірілетін мұнайдың 4 пайыздайы жұмсалады, оны қайта өңдеу тиімсіз. Ал, пластик қапшықтарға қарағанда, экоқапшықтар қалдықсыз H2O-ға, аз бөлігі CO2 мен қарашірікке ыдырап кетеді.

Қапшықтар «Рахмет», «Фиркан» супермаркеттер желісі мен Шымкент қаласының дүкендеріне су тегін тартылуда. Өндіріске кеткен шығынның орнын қапшықтардағы жарнамалар толтырады.

Экожоба бастамашыларының мақсаты – айналымнан пластик пакеттерді толығымен ығыстырып шығарып, жарнамасы бар қапшықтарға басылып шығатын купондардың жеңілдік жүйесін енгізу. Осылайша, оңтүстіктегі қала тұрғындары жеңілдік купонын көрсетіп, сүйікті орындарына қыдырып, тауар сатып ала алады немесе жеңілдігі бар қызметтерді тұтына алады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер