«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Шымкентте құрылыс компанияларының көрмесі өтті

2016 жылғы 17 Наурыз
- Шымкент қаласы
14163 просмотров

Оңтүстік Қазақстан облысы құрылыс саласының маңызды орталығы атанды

Шымкент қаласында Оңтүстік Қазақстанның «ShymkentBuild – 2016» құрылыс көрмесі өтуде. Оған Қазақстан, Ресей, Өзбекстаннан қырықтан астам компания қатысуда. Көрмеге қатысушылар құрылыс саласының мамандарын құрылысқа, жөндеу жұмыстарына арналған нарықтың маңызды ұсыныстарымен, заманауи материалдармен, технологиялармен, құрал жабдықтармен таныстырды.

Құрылыс материалдарының оңтүстік қазақстандық нарығынан 13 компания таныстырылды. Олардың ішінде «Orient Hall», «Жылу Орталығы», «Альта-Профиль Шымкент», «Dau Trade» сынды су жаңалары да бар.

Жаңа қатысушылардың стендтерінде «ЛИТ Қазақстан» компаниясының ғимараттар мен құрылыстарды, ашық жылу жолдарын, ауа өткізгіштерді, мұнай және газ құбыр желілерін қаптау бойынша шу өткізбейтін материалдардың толық кешені, «Арқарлы Тас» компаниясының габбро-диабаз тау жынысының табиғи тастарынан жасалған тауарлары, «Пежвак» компаниясының ғимараттардың сыртын қаптауға және қайталанбас зер салуға қажетті декоративтік сылауға арналған ерекше жылу өткізгіш керамикалық кірпіштері, «ARLAN Оңтүстік Құрылыс» компаниясының пенопластан жасалған архитектуралық қасбеттік элементтері, сұйық травертиндері, жылублоктары және ерекше 3D панелдері ұсынылған.

Көрмеге бетон өндірісіне арналған құрылғылар шығаратын «Камский бетон зауыттары» алғаш рет қатысты. «Ariston Thermo S.P.A» компаниясы сужылытқыштар мен газ қазандықтарын ұсынса, «Fleet & Equipment Solutions» жоғары технологиялық жол және құрылыс құрал-жабдықтарын әкеліпті.

Мамандар Борусан Макина Қазақстан компаниясының құрылыс және жол техникасының, «TANSU» маркасының мұнай өңдеу зауыттарына арналған жабдықтары мен бу қазандықтарының, сондай-ақ «Кереге-Монтаж» компаниясының жаңа өнімі – әр түрлі режімде жұмыс істей беретін қазандық жүйесінің үлгілері ұсынылған экспозицияны жоғары деңгейде бағалады. Көрмеге келушілер қазандық жүйесін сынақтан өткізіп көру мүмкіндігіне ие болды.

Көрмені ұйымдастырушы – қазақстандық Iteca көрме ұйымдастыру компаниясы. Көрмеге ресми қолдау көрсеткендер: ҚР Инвестиция және даму министрлігі, ҚР Ұлттық экономика министрлігі, ОҚО Кәсіпкерлер палатасы мен облыстық әкімдік.

«Оңтүстік Қазақстандағы құрылыс – басымдық берілген салалардың бірі және мұнда бизнес-белсенділік өте жоғары. Құрылыс секторында әрекет етушілердің барлығы әрдайым жаңа технологияларға, жаңа жабдықтарға, жаңа әріптестер мен шарттарға мұқтаж. Сондықтан мұндай көрмелер бізге қажет. Ол компания басшыларымен кездесуге, әріптестермен келісім-шарт жүргізуге, тәжірибе алмасуға, құрылыс индустриясындағы жаңа өнімдерді тамашалауға мүмкіндік береді», – деді ОҚО Кәсіпкерлер палатасының директоры Асқар Әбубәкіров. – «ОҚО Кәсіпкерлер палатасында өңірдің құрылыс нарығындағы барлық ойыншылардың басын біріктіретін құрылыс комитеті жұмыс істейді. Сондықтан, біз де біздің компанияларымыздың тап осында, осындай көрмелерде шарт жасауына мүдделіміз. Оңтүстік Қазақстан облысының құрылыс секторының маңызды орталығы атанатын күні алыс емес деген сенімдемін».


Еншілес ұйымдар

Серіктестер