«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Санитарлық-эпидемиологиялық аудит – тексеріске балама

2016 жылғы 28 Қаңтар
- Шымкент қаласы
20727 просмотров

Кәсіпкерлер тексеріс жүргізудің баламалы формаларын енгізген жағдайда, тексерістерден құтылуға мүмкіндік бар. Олардың бірі - санитарлық-эпидемиологиялық аудит

ОҚО Кәсіпкерлер палатасының сарапшылары облыстық прокуратура өкілдерімен бірге оның мәнін кәсіпкерлерге түсіндірді.

Санитарлық-эпидемиологиялық аудит – бұл санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауға тиесілі нысандардағы халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саулығы саласындағы заңнама талаптарын сақтауға жүргізілетін тәуелсіз аудит. Мысалы, өндірістік нысан сәйкес біліктілікке ие маманмен аудит жүргізуге шарт жасасады да, нысанның санитарлық ережелерге сәйкестігін растайтын құжат – аудиторлық есепке ие болады. Аудиторлық есеп нысанның ерекше тәртіп бойынша тексеріс жүргізу кестесінен алынып тасталуына мүмкіндік береді.

ОҚО бойынша Тұтынушылар құқығын қорғау жөніндегі комитеттің Ұлттық сараптау орталығының маманы Руслан Шазадаевтың сөзінше, мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық аудиттен (СЭА) өткен кәсіпкерлер басымдылыққа ие. 

- Біздің орталығымыз кәсіпкерлік нысанын, мысалы, мектеп асханасын, толық тексерістен өткізеді, және де қандай да бір бұзушылықтар анықталса, кәсіпкерлердің барлық қателерін түзетуіне көмектесеміз. Бұл тұтынушылар құқығын қорғау жөніндегі департамент (бұрынғы СЭС) жүргізетін тексеріске ұқсас дүние. Олар өнімді, қызметкерлерді және еңбек жағдайын тексереді, - дейді Руслан Шазадаев. – Тұтынушылар құқығын қорғау жөніндегі департамент бұзуларды анықтаған жағдайда ғана кәсіпкерге айыппұл салу немесе нысанды жабу сияқты әкімшілік әсер ету шарасын қолдана алады. Ал аудиторлық тексеріс жағдайында ондай шаралар қолданылмайды. Біз консультация беріп, қателерді түзетуге көмектесеміз. Нысан иесімен қателерді жою мерзімін белгілейміз, - деп атады Орталық өкілі.

Санэпидаудит – ерікті іс, және де оны мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауға тиесілі нысандар иелерінің өтініші бойынша ғана жүргізеді. Кәсіпкер аудит жүргізуге деген өтінішпен «Ұлттық сараптау орталығына» да, сәйкес біліктілікке ие кез-келген аудитор-маманға да жүгіне алады. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер