«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қазақстандық брендтердің танымалдығын көтеру

2015 жылғы 14 Желтоқсан
- Шымкент қаласы
14716 просмотров

Астанада өткен "Ұлы дала Елі" Тауар өндірушілер форумы күллі Қазақстаннан келген тауар өндірушілердің басын қосты.

Форумда өнімін көрсетуге мүмкіндік берілген үздік компаниялар бас қосты. "Ұлы дала Елі" форумы сонымен қатар «Қазақстанның үздік тауары-2015» қорытынды көрмесімен бір павильонға біріктірілді. Бұл елдің түрлі өңірлерінен келген әлеуетті тапсырыс берушілердің, сондай-ақ Астана қаласы тұрғындарының назарын тартқаны сөзсіз. Шымкенттік бірегей иілгіш тас өндірумен айналысатын «Еkam-stone» компаниясының директоры Гүлнара Жолдыбаева аталмыш көрмеге қатысуын үлкен жетістік деп санайды. Кәсіпкер форумнан алған әсерімен бөліскен еді: «Икемді тас өндіру жөніндегі стендіміз инновациялық жоба ретінде форум қатысушылары мен қонақтарының ғана емес, «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Төралқасының төрағасы Құлыбаев Тимур Асқарұлының да назарын аудартты. Ыстық пен аязға төзімді, экологиялық әрі пайдалануда қауіпсіз сапалы әрлеу материалын өндіруге бағытталған жоба. Сонымен қатар «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бірінші басшыларымен, Қазақстан Республикасы индустрия және жаңа технологиялар министрлігі вице-министрімен, сонымен қатар ұлттық компаниялар мен салалық қауымдастықтар өкілдерімен кәсіпкерлердің кездесуі ұйымдастырылды.

Спикерлер сөзінен кейін өндірушілер көптен жиналып қалған сауалдарын қойып, бірқатар ұсыныстарын енгізді. Атап айтқанда, жергілікті мазмұндағы өнім өндірісте болуын жалғастырар болса, СТ-KZ сертификатын жыл сайын автоматты түрдегі ұзартып отыру қажеттігі жайлы сөз болды. ДСҰ-ға кіруге байланысты бәсекелестік шарттарының өзгергені жайлы, мемлекеттік сатып алулар вэб-порталы жұмысының ашықтығын көтеру, «Өндіріс» және «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламаларын жүзеге асыру тұрғысында бюджет ресурстарының тиімді әрі уақытылы қолданылуын мемлекет тарапынан бақылаудың арттырылуы жайлы ұсыныстар айтылды. Сұрақтарға жауап беріліп, жүйелік өзгерістер енгізу үшін Министрлер кабинеті деңгейінде талқылауға шығарылды.

Форум және көрме жұмысы баспасөзде кеңінен жарияланып, бұл да тұтынушылар арасында қазақстандық тауарлар мен брендтердің танымалдығын көтеруге мүмкіндік береді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер